https://sputnik.kz/20250623/8-mln-qazaqstandyq-deklaratsiya-tapsyrudan-bosatylady-55034486.html
8 млн қазақстандық декларация тапсырудан босатылады
8 млн қазақстандық декларация тапсырудан босатылады
Sputnik Қазақстан
Бүгінде жұмыс берушілер өз жұмысшылары үшін барлық салықты төлейді 23.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-23T13:32+0500
2025-06-23T13:32+0500
2025-06-23T13:32+0500
салық
сенат
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_27ada75fa95f2cd016eebe4f3b3acdb9.jpg
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Жаңа Салық кодексі аясында 8 млн қазақстандық декларация тапсырудан босатылады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін сенат депутаттары Салық кодексінің жаңа нұсқасына өзгеріс енгізіп, жаңа редакцияда мәжіліске қайтарды. Төменгі палата депутаттары сенаттың ұсыныстарымен келіссе, құжат бірден президенттің қол қоюына жіберіледі. Кодекс аясында жеке тұлғаларды активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырудан босату қарастырылған."Бүгін сенат бұл норманы мақұлдады. Оған сәйкес, 8 миллион қазақстандық декларация тапсырудан босатылады. Соның ішінде жай жалақы және әлеуметтік көмек алатын жеке тұлғалар бар. Ондай адамдардың жалпы саны - 8 млн. Бүгінде бізде процестердің басым бөлігі цифрландырылған. Оған қоса, тауарлардың 87 проценті қолма-қол ақшасыз сатып алынады. Бізде барлық мәлімет бар. Сондықтан жеке тұлғаларды декларация тапсырудан босатуға шешім қабылданды", - деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов журналистерге берген сұхбатында.Оның айтуынша, бүгінде жұмыс берушілер өз жұмысшылары үшін барлық салықты төлейді. Қаржы министрлігі бәрін онлайн режимде көре алады. Сондықтан ондай жұмысшыларға декларация да тапсырудың қажеті жоқ.Айта кетері, жаңа Салық кодексінің нормалары 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.
https://sputnik.kz/20250504/baylyqqa-salyq-qalay-salynady--zan-talaptary-53143430.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_176:0:1076:675_1920x0_80_0_0_24cd55ba7bdec120777bf0198d16695f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, сенат
8 млн қазақстандық декларация тапсырудан босатылады
Бүгінде жұмыс берушілер өз жұмысшылары үшін барлық салықты төлейді
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Жаңа Салық кодексі аясында 8 млн қазақстандық декларация тапсырудан босатылады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенат депутаттары Салық кодексінің жаңа нұсқасына өзгеріс енгізіп, жаңа редакцияда
мәжіліске қайтарды. Төменгі палата депутаттары сенаттың ұсыныстарымен келіссе, құжат бірден президенттің қол қоюына жіберіледі. Кодекс аясында жеке тұлғаларды активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырудан босату қарастырылған.
"Бүгін сенат бұл норманы мақұлдады. Оған сәйкес, 8 миллион қазақстандық декларация тапсырудан босатылады. Соның ішінде жай жалақы және әлеуметтік көмек алатын жеке тұлғалар бар. Ондай адамдардың жалпы саны - 8 млн. Бүгінде бізде процестердің басым бөлігі цифрландырылған. Оған қоса, тауарлардың 87 проценті қолма-қол ақшасыз сатып алынады. Бізде барлық мәлімет бар. Сондықтан жеке тұлғаларды декларация тапсырудан босатуға шешім қабылданды", - деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, бүгінде жұмыс берушілер өз жұмысшылары үшін барлық салықты төлейді. Қаржы министрлігі бәрін онлайн режимде көре алады. Сондықтан ондай жұмысшыларға декларация да тапсырудың қажеті жоқ.
Айта кетері, жаңа Салық кодексінің нормалары 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.