Байлыққа салық қалай салынады – заң талаптары

CC0 / / Салық, калькулятор
Салық, калькулятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2025
Жазылу
Қазіргі кезде Қазақстанда айына 3 млн теңге табатындардың жалпы саны 26,7 мың адамды құрайды
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Үкімет салыққа қатысты заңға енгізілетін түзетулерді мәжіліспен келісіп алды. Соның ішінде байлыққа салынатын салық та бар. Алдағы уақыта жоғары жалақы алатын және қымбат мүлік ұстайтын қазақстандықтар қазынаға көбірек ақша төлейді. Sputnik Қазақстан жоғары жалақыға және байлыққа салық салу тәртібін ұсынады.

Табыс салығы артады

Қазақстанда Салық кодексінің жаңа жобасы аясында жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу жоспарланып отыр. Бұл дегеніміз, жоғары жалақы алатындардан салық көбірек ұсталады. Үкімет ондай жалақының нақты шегін де анықтады. Атап айтқанда, 12 айда алған жалақының жалпы көлемі 8 500 АЕК-тен, яғни, 33,5 млн теңгеден асса, 15 проценттік табыс салығы салынады. Ал осы шектен шықпаса, бұрынғыдай 10 проценттік табыс салығы қолданылады.
"15 проценттік салық салынғанда бір айдың жалақысы емес, бір жылдың жалақысы ескеріледі. Мәселен, менің жалақым 3 млн. теңге дейік, 12 айда 36 млн. шығады. Ондай жағдайда 33,5 млн теңгеге дейін 10 процент табыс салығы салынады. Ал қалған сомасынан 15 процент ұсталады", - дейді ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде Қазақстанда айына 3 млн теңге табатындардың жалпы саны 26,7 мың адамды құрайды. Олардың басым бөлігі қаржы және тау-кен саласында жұмыс істейді. Дегенмен, арасында мемлекеттік қызметкерлер де бар.

"Сән-салтанат" салығы болады

Салық реформасы аясында "сән-салтанат салығы" деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық та салынады. Мәселен, жылжымайтын мүліктің құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғаяды. Вице-премьер Серік Жұманғариннің сөзіне қарағанда, базалық ставка жылына 3 миллион теңге болады. Ал жалпы құнынан асатын соммадан тағы 2 процент алынады. Сол сияқты 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізіледі.
Сондай-ақ, қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10 проценттік акциздер болады.

Тағы қандай табысқа салық салынады

Тағы мына табыс түрлеріне салық қарастырылған:
дивидендтер түріндегі кірістер үшін 230 000 АЕК дейін – 5% (1 млрд. теңгеге жуық), 230 000 АЕК-тен асқан сомаға - 15%;
бейрезидент – жеке тұлғалардың табыстары бойынша 8500 АЕК-ке дейін – 10%, 8500 АЕК-тен асқан сомадан 15%;
Бұдан бөлек, ойын бизнесі мен банктер үшін корпоративті табыс салығы мөлшерлемесі 25 пайызға дейін артады.
Айта кетері, мәжіліс салыққа қатысты түзетулерді қабылдап, сенаттың қарауына жіберді. Салық кодексінің жаңа жобасын шілдеге дейін бекіту жоспарланып отыр. Ал жеке табыс пен байлыққа қатысты түзетулер келесі жылдан бастап күшіне енеді.
Жаңалықтар
0