https://sputnik.kz/20250612/zhol-apatynan-zardap-shekken-qyzga-omir-boyy-komek-korsetiledi-degen-aqparat-tarady-54577890.html
Аяғынан айырылған қызға өмір бойы көмек көрсетіле ме - автопарк түсініктеме берді
Аяғынан айырылған қызға өмір бойы көмек көрсетіле ме - автопарк түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Автопарк сот шешімінен кейін ғана төлемдер мен қосымша көмек көрсету мәселесі шешілетінін жеткізді 12.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-12T11:29+0500
2025-06-12T11:29+0500
2025-06-12T11:41+0500
автобус
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0c/54577998_0:75:1349:834_1920x0_80_0_0_46d717d5938b42763a598cb1a075c8a5.jpg
АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желіде Астанадағы автобус апаты салдарынан екі аяғынан айырылған Алуа Бекенге автопарк өмір бойына қаржылай көмектеседі деген ақпарат тарады. Sputnik Қазақстан тілшісі ақпараттың рас-өтірігін анықтады.Әлеуметтік желіде лезде тараған ақпаратқа автопарк басшылығы ресми жауап берді.Мекеменің мәліметінше, автобус паркінің басшысы Тұқпатов пен Алуаның туыстары арасындағы жеке кездесуде моральдық қолдау көрсетіліп, заң аясында көмектесуге дайын екендігі айтылған.Қазіргі уақытта отбасының заңгерлерімен және тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізіліп жатыр.Еске сала кетейік, 3 маусымда Астанада жолаушылар мінген автобус жол апатына түсіп, бірнеше адам зардап шекті. Соның бірі – Алуа Бекен екі аяғынан айырылды.Алуаның отбасына 30 млн теңге ақшалай көмек көрсетілді. Кейіннен қала әкімі Жеңіс Қасымбек қыздың отбасына баспана берілетінін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0c/54577998_69:0:1280:908_1920x0_80_0_0_7e7f90162d9e348cb789f1ad3eb6d3c4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автобус
Аяғынан айырылған қызға өмір бойы көмек көрсетіле ме - автопарк түсініктеме берді
11:29 12.06.2025 (жаңартылды: 11:41 12.06.2025) Автопарк сот шешімінен кейін ғана төлемдер мен қосымша көмек көрсету мәселесі шешілетінін жеткізді
АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желіде Астанадағы автобус апаты салдарынан екі аяғынан айырылған Алуа Бекенге автопарк өмір бойына қаржылай көмектеседі деген ақпарат тарады.
Sputnik Қазақстан тілшісі ақпараттың рас-өтірігін анықтады.
Әлеуметтік желіде лезде тараған ақпаратқа автопарк басшылығы ресми жауап берді.
"Автобус паркі жол апатынан ауыр жарақат алған Алуа Бекеннің отбасына жан-жақты қолдау білдіреді. Біз отбасының жағдайына шын жүректен алаңдаймыз және алғашқы күннен бастап байланыстамыз", - дейді №1 автобус паркінің басшылығы.
Мекеменің мәліметінше, автобус паркінің басшысы Тұқпатов пен Алуаның туыстары арасындағы жеке кездесуде моральдық қолдау көрсетіліп, заң аясында көмектесуге дайын екендігі айтылған.
"Алайда мемлекеттік кәсіпорын ретінде №1 автобус паркі заңда бекітілген рәсімдерсіз өмір бойына қаржылық көмек көрсетуге уәкілетті емес. Алдағы төлемдер мен қосымша көмек тергеу мен сот шешімінен кейін заңға сәйкес беріледі", - дейді мекеме.
Қазіргі уақытта отбасының заңгерлерімен және тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Біз құқықтық және ұйымдастырушылық жағынан қолдауды жалғастыра береміз. Бұған дейін ресми түрде жарияланған көмек толық көлемде көрсетілуде", - дейді №1 автобус паркі.
Еске сала кетейік, 3 маусымда Астанада жолаушылар мінген автобус жол апатына түсіп, бірнеше адам
зардап шекті. Соның бірі – Алуа Бекен екі аяғынан айырылды.
Алуаның отбасына 30 млн теңге ақшалай
көмек көрсетілді. Кейіннен қала әкімі Жеңіс Қасымбек қыздың отбасына
баспана берілетінін айтты.