Автобус апаты: Қасымбек аяғынан айырылған қыздың баспана мәселесін шешуге уәде берді

© Sputnik / Ксения ВоронинаАрхивное фото автобуса
Архивное фото автобуса - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Жазылу
Сондай-ақ зардап шеккен қыздың отбасына 40 млн теңге беріледі
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек автобус апатынан зардап шеккен қыздың баспана мәселесі шешілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз баспана мәселесін шешіп береміз. Оны сіздерге ресми түрде айтып отырмын", - деді Қасымбек журналистерге берген сұхбатында.
Әкімнің айтуынша, алдымен сақтандыру төлемі берілді. Оның көлемі шамамен 20 млн теңге. Бұдан бөлек, әкімдік тағы 20 млн теңге береді.
"Әкімшілік қазір 10 млн теңгені берді. Енді тағы 10 млн теңге береміз деп жоспарлап отырмыз", - деді Қасымбек.
Еске сала кетейік, кеше Астанада жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бағанаға соқтығысты.
Салдарынан 15 адам зардап шекті. 8 жасар қыз екі аяғынан айырылды. Жүргізуші қамауға алынды.
Астанадағы автобус апаты: жүргізуші қамауға алынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2025
Астанадағы автобус апаты: жүргізуші қамауға алынды
Жаңалықтар
0