Астанадағы автобус апаты: қыз балаға 30 млн теңгеге жуық көмек көрсетіледі

© Photo : Акимат АстаныАстанадағы автобус апаты: қыз балаға 30 млн теңгеге жуық көмек көрсетіледі
Астанадағы автобус апаты: қыз балаға 30 млн теңгеге жуық көмек көрсетіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2025
Жазылу
Автобус апаты салдарынан 8 жасар қыз екі аяғынан айырылды
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Астанада автобус апатынан зардап шеккен 8 жасар қызға қала әкімшілігі қолдау көрсетеді.
Әкімдік пен автобус паркінің өкілдері баланың ата-анасымен және туыстарымен кездесті. Қолдау көрсету бойынша мынадай шаралар белгіленді:
автобус паркі сақтандыру полисі есебінен 19,6 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемі жасалады;
қосымша автобус паркі тарапынан 10 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданды;
отбасы Ақмола облысынан болғандықтан, емделу және оңалту кезеңінде уақытша баспана жалдау бойынша көмек ұсынылды;
медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр;
әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша сүйемелдеу қамтамасыз етіліп жатыр.

"Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, бейінді бөлімшеге ауыстырылды. Зардап шеккен қыздың туыстарына қабылданған және ұсынылған шаралар туралы толық ақпарат берілді. Біздің өкілдеріміз отбасымен тұрақты байланыста болып, зардап шеккен қыз баланың сауығып, жан-жақты қолдау алуын қамтамасыз ету үшін бар күшін салып жатыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ауруханада жатқан екі науқасқа да жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Олар да сақтандыру төлемін алады, - дейді әкімдік
Астанада автобус бағанаға соғылды: бір жолаушы екі аяғынан айырылды, үшеуінің жағдайы ауыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2025
Астанада автобус бағанаға соғылды: 8 жастағы қыз екі аяғынан айырылды
Жаңалықтар
0