https://sputnik.kz/20250608/almaty-akimi-asfalt-pen-zhiektastardy-zhonsiz-auystyruga-qatysty-eskertu-zhasady-54398550.html
Алматы әкімі асфальт пен жиектастарды жөнсіз ауыстыруға қатысты ескерту жасады
Алматы әкімі асфальт пен жиектастарды жөнсіз ауыстыруға қатысты ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
Қала басшысы жаңа сквер салу және Есентай өзеніндегі көпірдің қайта жаңарту жұмыстарымен танысты 08.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-08T18:05+0500
2025-06-08T18:05+0500
2025-06-08T18:05+0500
алматы
әкім
https://sputnik.kz/img/07e8/06/1a/45239799_3:0:1278:717_1920x0_80_0_0_c45eb7e2883877ebd582f94127505a92.jpg
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Алматының әкімі Дархан Сатыбалды жөндеу жұмыстары кезінде асфальт пен жиектастарды жөнсіз ауыстыруға қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.Бүгін қала басшысы Бостандық ауданына жұмыс сапарымен барып, жаңа сквер салу және Есентай өзеніндегі көпірдің қайта жаңарту жұмыстарымен танысты.Ауданда "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында Торайғыров көшесінде жаяу жүргіншілер аймағын көркейту шаралары атқарылып жатыр.Айта кетері, Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі қызметіне 24 мамырда кіріскен болатын. Екі күннен кейін Тоқаев оны Ақордада қабылдап, мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындап берді.
https://sputnik.kz/20250608/almatyda-qayta-ondelgen-plastikten-zhasalgan-algashqy-aqparattyq-taqtaysha-ornatyldy-54397417.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/1a/45239799_162:0:1118:717_1920x0_80_0_0_c5eeba5280a5994c41349222d99adb7a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, әкім
Алматы әкімі асфальт пен жиектастарды жөнсіз ауыстыруға қатысты ескерту жасады
Қала басшысы жаңа сквер салу және Есентай өзеніндегі көпірдің қайта жаңарту жұмыстарымен танысты
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Алматының әкімі Дархан Сатыбалды жөндеу жұмыстары кезінде асфальт пен жиектастарды жөнсіз ауыстыруға қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгін қала басшысы Бостандық ауданына жұмыс сапарымен барып, жаңа сквер салу және Есентай өзеніндегі көпірдің қайта жаңарту жұмыстарымен танысты.
Ауданда "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында Торайғыров көшесінде жаяу жүргіншілер аймағын көркейту шаралары атқарылып жатыр.
"Сапар соңында қала әкімі ақаусыз жиектер мен асфальтты жөнсіз ауыстыруға көңілі толмайтынын айтып, шынымен де зақымданған, мүжілген тұстарға ғана жөндеу жүргізуді тапсырды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі қызметіне 24 мамырда
кіріскен болатын. Екі күннен кейін Тоқаев оны Ақордада
қабылдап, мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындап берді.