Алматы әкімі тағайындалды

© PhotoДархан Сатыбалды
Дархан Сатыбалды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 мамыр - Sputnik. Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін Алматы әкімі қызметін Ерболат Досаев атқарды.

Қайрат Сатыбалды туралы не білеміз

Сатыбалды еңбек жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының "Келес" коммуналдық кәсіпорнында бастаған.
2000-2006 жылдары Қаржы министрлігінде, Президенттің Іс басқармасында әртүрлі лауазымды қызмет атқарған.
2007-2010 жылдары білім және ғылым министрлігінің бюджет және қаржы департаменттері директорының орынбасары, ғылым комитеті төрағасының орынбасары болған.
2010 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы лауазымына тағайындалған.
2013 жылы Шымкент қаласының әкімі болған.
2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Парламент сенатының депутаты да болған. Сондай-ақ Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды.
Ал 2022 жылғы Түркістан облысының әкімі болды.
Биыл 6 қаңтарда Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылып, Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын.
Ерболат Досаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2025
Тоқаев Досаевты қызметінен босатты
Жаңалықтар
0