https://sputnik.kz/20250608/almatyda-qayta-ondelgen-plastikten-zhasalgan-algashqy-aqparattyq-taqtaysha-ornatyldy-54397417.html
Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған алғашқы ақпараттық тақтайша орнатылды
Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған алғашқы ақпараттық тақтайша орнатылды
Sputnik Қазақстан
Бұл бастама экология мен тұрақты даму мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған 08.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-08T16:08+0500
2025-06-08T16:08+0500
2025-06-08T16:15+0500
алматы
экология
https://sputnik.kz/img/07e9/06/08/54397257_0:44:1123:676_1920x0_80_0_0_44b34aa196058a894d734f407f3fcc32.jpg
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Эколог күніне орай Алматы қаласында қайта өңделген пластиктен жасалған алғашқы ақпараттық тақтайша орнатылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.Бұл бастама экология мен тұрақты даму мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған.Тақтайшада ағаш туралы мәліметтер, яғни оның түрі, жасы және ерекшеліктері көрсетілген.Әкімдік хабарлауынша, әзірге мұндай тақтайша Мақатаев көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында орналасқан 1888 жылы отырғызылған емен ағашының жанында орнатылды. Болашақта әлемнің жетекші мегаполистерінің тәжірибесіне сүйене отырып, қаладағы көпжылдық ағаштардың басым бөлігі осындай тақтайшамен жабдықталады.Алматы қаласы әкімдігі жанындағы жобалық кеңсенің қолдауымен ашылған алғашқы Экохаб базасында (Марков көшесі, 44) жиналған пластик қақпақтардан салпыншақтар, тіреуіштер, тақтайшалар, шахмат тақталары мен фигуралар, сондай-ақ, көше жиһаздарының элементтері сынды пайдалы әрі сәндік бұйымдар жасалып отыр.
https://sputnik.kz/20250605/almatyda-esirtki-tasymaldady-degen-kudikpen-10-adam-ustaldy-54328941.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/08/54397257_82:0:1042:720_1920x0_80_0_0_ded891c14fe14631133b5b65f4fe524c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, экология
Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған алғашқы ақпараттық тақтайша орнатылды
16:08 08.06.2025 (жаңартылды: 16:15 08.06.2025) Бұл бастама экология мен тұрақты даму мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Эколог күніне орай Алматы қаласында қайта өңделген пластиктен жасалған алғашқы ақпараттық тақтайша орнатылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің
ресми сайты.
Бұл бастама экология мен тұрақты даму мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған.
Тақтайшада ағаш туралы мәліметтер, яғни оның түрі, жасы және ерекшеліктері көрсетілген.
Әкімдік хабарлауынша, әзірге мұндай тақтайша Мақатаев көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында орналасқан 1888 жылы отырғызылған емен ағашының жанында орнатылды. Болашақта әлемнің жетекші мегаполистерінің тәжірибесіне сүйене отырып, қаладағы көпжылдық ағаштардың басым бөлігі осындай тақтайшамен жабдықталады.
(Бұл қадам қала тұрғындарының экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі. Республикалық "Таза Қазақстан" бастамасы мен "Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық бағдарламасы аясында шаһарда қоқысты сұрыптап жинау жүйесін енгізу және саналы тұтыну мәдениетін дамыту бойынша тұрақты түрде экологиялық іс-шаралар мен акциялар өткізіліп келеді", - деп жазылған хабарламада.
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы жобалық кеңсенің қолдауымен ашылған алғашқы Экохаб базасында (Марков көшесі, 44) жиналған пластик қақпақтардан салпыншақтар, тіреуіштер, тақтайшалар, шахмат тақталары мен фигуралар, сондай-ақ, көше жиһаздарының элементтері сынды пайдалы әрі сәндік бұйымдар жасалып отыр.