Мелонидің сапары: Ақордада қандай құжаттарға қол қойылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевМелонидің сапары: Ақордада қандай құжаттарға қол қойылды
Мелонидің сапары: Ақордада қандай құжаттарға қол қойылды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Жазылу
Ақордада өткен келіссөздердің соңында стратегиялық серіктестікті нығайту туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды
АСТАНА, 30 мамыр– Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің келіссөздері нәтижесінде бірқатар құжаттарға қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ақордада өткен келіссөздердің соңында стратегиялық серіктестікті нығайту туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды. Одан кейін делегация мүшелері бірқатар құжаттармен алмасты. Олар:
Қазақстан Италия үкіметтері арасындағы тұлғалардың реадмиссиясы туралы келісім;
Қазақстаның өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Италия кәсіпорындар және "Италияда жасалған" министрлігі, Қоршаған орта және энергетикалық қауіпсіздік министрлігі арасында аса маңызды қазба байлықтары мен шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме;
"Самұрық-Қазына" АҚ мен Maire Tecnimont арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
"Самұрық-Қазына" АҚ мен Ansaldo арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігі мен OICE арасында су ресурстарын басқару саласында білім және озық тәжірибе алмасу арқылы суға қатысты сын-қатерлерге байланысты практикалық шешімдерді ілгерілету жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру туралы меморандум;
Қазақстан Даму банкі, Cassa Depositi e Prestiti S.p.A. және SACE SpA арасындағы бірлескен декларация;
"Самұрық-Энерго" АҚ және SACE SpA арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
"Kazakh Invest" ұлттық компаниясы мен Italian Trade Agency арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Айта кетері, Тоқаев пен Мелони Ақордада өткен келіссөздерге жоғары баға берді. Италия премьер-министрі Қазақстан президентін "ең прагматикалық көшбасшылардың бірі" деп атады.
Алдағы уақытта Жетісу облысында Италия университетінің тұңғыш филиалы ашылады.
Токаев встретил в Акорде премьера Италии Мелони - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
"Проблема болса, маған айтыңыз": Тоқаев Италия премьерімен келісім жасады
Жаңалықтар
0