Қазақстанда Италия университетінің филиалы ашылады

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаМинистр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек
Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Жазылу
Филиалда агрономия, селекция және ауыл шаруашылығы өнімдерінің технологиясына басымдық беріледі
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Биыл Жетісу облысында Италия университетінің филиалы ашылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Филиал Жетісу өңірлік университетінің негізінде ашылады.
"Università Politécnica delle Marche деген университет. Италияның Анкона қаласында орналасқан. Агрономия, ауыл шаруашылығы саласындағы өте мықты университет. Биыл төрт бағдарламамен бастаймыз", - деді Нұрбек журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, филиалда агрономия, селекция мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің технологиясына басымдық беріледі.
"Италия осы ауыл шаруашылығы бойынша Еуропада және жалпы әлем бойынша жетекші мемлекет болып саналады. Сондықтан ең мықты профессорлар осы жылдан бастап Жетісуда білім беретін болады", - деп атап өтті министр.
Айта кетері, бүгін Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия премьер-министрі Джорджи Мелонидің келіссөзі өтті. Соның нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылды.
Токаев встретил в Акорде премьера Италии Мелони - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
"Проблема болса, маған айтыңыз": Тоқаев Италия премьерімен келісім жасады
Жаңалықтар
0