https://sputnik.kz/20250530/problema-bolsa-magan-aytynyz-toqaev-italiya-premerimen-kelisim-zhasady-54100875.html
"Проблема болса, маған айтыңыз": Тоқаев Италия премьерімен келісім жасады
"Проблема болса, маған айтыңыз": Тоқаев Италия премьерімен келісім жасады
Sputnik Қазақстан
Мелони Қазақстан президенті ең прагматикалық көшбасшының бірі екенін атап өтті 30.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-30T13:14+0500
2025-05-30T13:14+0500
2025-05-30T13:14+0500
келісім
қасым-жомарт тоқаев
италия
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1e/54094537_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_be07bd0d4a11f4eacdf58f7e0d0f178f.jpg
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы 20 млрд доллар құрайды. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия премьер-министрі Джорджи Мелонимен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде Италия Қазақстанның ірі сауда әріптесі болып саналады. Тауар айналымы жағынан үшінші орында және Еуропалық одақтың ішінде бірінші орында тұр.Осы орайда президент Қазақстанда біраз италиялық компанияның табысты жұмыс істеп жатқанын да ерекше атап өтті."Біз сіздердің компанияларыңызға, шағын немесе ірі компания болсын, белгілі жеңілдіктерді ұсынамыз. Оларда қандай да бір проблема болса, құрметті премьер-министр ханым, маған айтыңыз. Біз шешу жолын табамыз",- деді Тоқаев.Ал Мелони Тоқаев сияқты көшбасшымен сөйлескен өте пайдалы екенін жеткізді.Оның айтуынша, Италия Қазақстанды стратегиялық серіктес, ал Орталық Азия өңірін стратегиялық тұрғыдан маңызды тоғыз жолдың торабы ретінде қарастырып отыр.Ақордадағы келіссөздердің нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылды.
https://sputnik.kz/20250530/qazaqstan-men-italiya-budan-da-zhogary-natizhege-qol-zhetkize-alady--meloni-54100121.html
италия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1e/54094537_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_641fd0584350d1cbefb4ab5ecb5ecd36.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
келісім, қасым-жомарт тоқаев, италия
келісім, қасым-жомарт тоқаев, италия
"Проблема болса, маған айтыңыз": Тоқаев Италия премьерімен келісім жасады
Мелони Қазақстан президенті ең прагматикалық көшбасшының бірі екенін атап өтті
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы 20 млрд доллар құрайды. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия премьер-министрі Джорджи Мелонимен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде Италия Қазақстанның ірі сауда әріптесі болып саналады. Тауар айналымы жағынан үшінші орында және Еуропалық одақтың ішінде бірінші орында тұр.
"Екі елдің тауар айналымы 20 млрд доллар құрайды. Әлбетте, бұл фиништік меже емес. Тауар айналымын арттыруға мүмкіндігіміз көп",-деді Тоқаев кеңейтілген құрамда өткен келіссөз кезінде.
Осы орайда президент Қазақстанда біраз италиялық компанияның табысты жұмыс істеп жатқанын да ерекше атап өтті.
"Біз сіздердің компанияларыңызға, шағын немесе ірі компания болсын, белгілі жеңілдіктерді ұсынамыз. Оларда қандай да бір проблема болса, құрметті премьер-министр ханым, маған айтыңыз. Біз шешу жолын табамыз",- деді Тоқаев.
Ал Мелони Тоқаев сияқты көшбасшымен сөйлескен өте пайдалы екенін жеткізді.
"Сізге айтайын дегенім, мен өмірімде кездестірген адамдардың ішінде сіз ең прагматикалық көшбасшының бірісіз. Шыны керек, ондай адаммен сөйлескен өте пайдалы. Себебі ол қазіргі қиын уақытта жағдайдың қаншалықты ауыр екенін түсінеді",-деп атап өтті Мелони.
Оның айтуынша, Италия Қазақстанды стратегиялық серіктес, ал Орталық Азия өңірін стратегиялық тұрғыдан маңызды тоғыз жолдың торабы ретінде қарастырып отыр.
Ақордадағы келіссөздердің нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылды.