Қазақстан мен Италия бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізе алады – Мелони

© Photo : АқордаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони келіссөз жүргізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони келіссөз жүргізді
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия премьер-министрі Джорджа Мелони тет-а-тет форматында келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.
"Италия Қазақстанның әлемдегі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді және Еуропадағы ірі әріптесіміз. Бұл бекер емес. Екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтауымыз қажет. Сіздің сапарыңыз қос ел арасындағы көпқырлы ықпалдастықты дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз", – деді Қазақстан президенті.
Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының арнайы сессиясына қатысқаны үшін Италия премьер-министріне ризашылығын білдірді.
Ал Джорджа Мелони бұл сапардың Қазақстан мен Италия қарым-қатынасын жандандыруға ықпал ететінін айтты.
"Еліңізге шақырып, қонақжайлық танытқаныңыз және Астана халықаралық форумында сөз сөйлеуге мүмкіндік жасағаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Бұл форум диалог үшін маңызды алаңдардың біріне айналып келеді. Біз Қазақстанды Италияның стратегиялық серіктесі, ал Орталық Азия өңірін стратегиялық тұрғыдан маңызды тоғыз жолдың торабы ретінде қарастырамыз. Бізге диалог қажет. Мұны өзіңіз де жақсы түсінесіз", – деді Мелони.
Оның айтуынша Қазақстан – Италияның көптеген сала бойынша маңызды әріптесі. Екі ел арасындағы ынтымақтастық табысты дамып келеді.
"Әйтсе де, кеше айтқанымдай, энергетикадан бастап мәдениетке дейін, университеттердің тәжірибе алмасуы, халықтар арасын жақындату бағыттарында бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бар", – деді Италия премьер-министрі.
Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту перспективасы талқыланды. Энергетика, аса маңызды материалдар, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-логистика, сонымен қатар жаңартылатын қуат көздері салаларында байланыс орнату мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылды. Бұдан бөлек, өңірлік және халықаралық күн тәртібіне қатысты пікір алмасты.
Еске сала кетейік, Италия министрлер кеңесінің төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келді.
Жаңалықтар
0