Қазақстанда аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам Ресейде ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Жазылу
Өзбекстан азаматы 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде болған
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстанда аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам Мәскеу қаласында ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Өзбекстан азаматы 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. 13 жыл бұрын ол жалған құжатпен Қазақстандағы банктердің бірінен жинақ шоттарынан ірі көлемде ақшаны заңсыз жолмен алып, шетелге қашып кеткен.
"Ішкі істер министрлігінің сұрауы бойынша ресейлік тарап күдіктіні Қазақстан аумағына экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта онымен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізуде", - дейді полицейлер.
Айта кетері, бұған дейін Ресейдің Новосибирск қаласында 24 жастағы алаяқ ұсталған болатын. Ол да ірі көлемде алаяқтық жасады.
Банковская карта, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2025
Шымкентте оқушыны 2 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды
Жаңалықтар
0