Іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды

© Photo : Пресс-служба МВД РКПодозреваемого в мошенничестве задержали в Новосибирске
Подозреваемого в мошенничестве задержали в Новосибирске - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2025
Жазылу
Ол мобильді телефондар мен аксессуарларды сату кезінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген
АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейдің Новосибирск қаласында ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
24 жастағы күдіктіге ІІМ Интерполы іздеу жариялаған. Оған ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр.
"Күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеп, азаматтарға мобильді телефондар мен олардың аксессуарларын сатамын деген желеумен алаяқтық жасаған. Ол 20 миллион теңгеден астам ақша жымқырған", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.
В ЗКО задержали жителя - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2025
Орал тұрғыны туған бауырларын сан соқтырды – алаяқ ұсталды
Жаңалықтар
0