Орал тұрғыны туған бауырларын сан соқтырды – алаяқ ұсталды

© Photo : Polisia.kzВ ЗКО задержали жителя
В ЗКО задержали жителя - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында халықты алдап жүрген алаяқ ұсталды. Орал тұрғыны екі туған ағасын да алдап кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Алаяқ көбінесе жақын адамдарын алдаған. Алдымен таныстарына бірнеше смартфон сатып алуды ұсынып, оларды бастапқы құнынан қымбат бағаға қайта сатуға болатынына сендірген. Оған алданып қалғандар телефондарды несиеге рәсімделген. Ал артылған ақшаны өзара бөлісеміз деп ойлады. Осылайша, Орал қаласының тұрғындары үш IPhone 15 сатып алған. Оған қоса, алаяққа 2 миллион теңгеге жуық ақша берген.
"Күдікті телефондарды алған соң ізін суытқан. Тергеу нәтижесінде жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығынның 5 миллион теңгеден астам екені анықталды", - дейді полицейлер.
Алаяқ екі туған бауырын да тақырға отырғызып кеткен. Олар біраз қаржылық шығынға батты.
Қазіргі кезде күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Девушка смотрит в окно - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2024
Өскемен тұрғынын бірге тұрған жігіті 10 млн теңгеге алдап кеткен
Жаңалықтар
0