Шымкентте оқушыны 2 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

CC0 / / Банковская карта, иллюстративное фото
Банковская карта, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2025
Жазылу
6-сынып оқушысы анасының банк картасын суретке түсіріп, аударым жасауға арналған кодты жолдаған
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Шымкентте оқушыны алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің киберпол қызметкерлері "Anti-fraud" іс-шарасы аясында интернет-алаяқтық жасаған ер адамды ұстады.
Ол "Free Fire" мобильді ойынының жетілдірілген аккаунтын сатамын деп өзгенің 2 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген.
"6-сынып оқушысы ұсынысқа қызығып, күдіктінің нұсқауы бойынша анасының банк картасын суретке түсіріп, карта деректері мен аударым жасауға арналған кодты жолдаған", - деп жазылған хабарламада.
Шотында ақшаның жоғалғанын байқаған анасы полицияға жүгінді. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды.
Екі пәтерін сатқан: Петропавлда зейнеткер алаяқтарға алданды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Екі пәтерін сатқан: Петропавлда зейнеткер алаяқтарға алданды
Жаңалықтар
0