Екі пәтерін сатқан: Петропавлда зейнеткер алаяқтарға алданды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуЕкі пәтерін сатқан: Петропавлда зейнеткер алаяқтарға алданды
Екі пәтерін сатқан: Петропавлда зейнеткер алаяқтарға алданды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Жазылу
66 жастағы зейнеткер алаяқтарға 60 млн теңгесін беріп жіберген
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Петропавлда 66 жастағы зейнеткер екі бірдей пәтерін төмен бағада сатып, жетпегенін өзінің жинаған ақшасынан қосып, алаяқтарға 60 млн теңге беріп жіберген, деп хабарлайды өңір полициясы.
Зейнеткерге белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырған. Оған әлдекімдер пәтерді тартып алмақшы және оларды әшкерелеу үшін үйді сату бойынша тезірек "жалған мәміле" рәсімдеу қажет деп көндірген.
Алаяқтарға сенген қала тұрғыны өзіне тиесілі екі пәтерін бар болғаны 47 млн теңгеге сатып, тағы жинап жүрген 13 млн теңгесін қосып, алаяқтарға беруге 60 млн теңге дайындап қойған.

"Әйел өзіне ешкімге жария етуге болмайтын тергеу құпиясы сеніп тапсырылды деп ойлайды. Дегенмен, туыстары мұнда бір шикіліктің барын сезіп, жәбірленушіні полицияға жүгінуге көндіреді, алайда ол ақшаның бір бөлігін қылмыскер көрсеткен шотқа аударып, ал қалған 27 миллион теңгені курьерге тапсырып үлгереді", - делінген хабарламада.

Курьер қолма-қол ақшаны Астана қаласына жеткізген. Ақша ары қарай тізбекпен "дропперлер" арқылы шетелге аударылмақ болған. Алайда жедел уәкілдердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде ақша шетелге жөнелтілгенше тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Айта кетері, жәбірленуші банк чектерін сақтап қалған. Бұл – аударылған сомманы сот арқылы қайтарып алуға мүмкіндік береді.
"Жыл басынан өңірде интернет-алаяқтықтың 217 фактісі тіркелді. Киберқылмыскерлер зейнет жасындағы адамдарға қоңырау шалып, өздерін құқық қорғау органдарының және өзге де қызмет иесі ретінде таныстырады. Көп жағдайда зейнеткерлер алаяққа алданып қалады. Тіпті кез келген адам киберқылмыстың құрбаны болуы мүмкін", — деп ескертеді полиция.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2025
Түркістан облысында алаяқ тұрғындарды 92 млн теңгеге алдаған
Жаңалықтар
0