Баспана кезегіне тұрғандардың мәселесі қалай шешіледі

© Sputnik / Владислав ВодневТұрғын үй кешені
Тұрғын үй кешені - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2025
Жазылу
Алдымен әлеуметтік осал топтарға кіретін азаматтардың баспана мәселесі шешілетін болады
АСТАНА, 27 мамыр– Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Отбасы банкінің баспана кезегіне тіркелгендердің тұрғын-үй мәселесі қалай шешілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясаты департаментінің директоры Руслан Лепесовтың айтуынша, кезекке тұрғандардың баспана мәселесін шешу кезінде екі негізгі артықшылыққа баса назар аударылады. Олар: төлем қабілеттілігі мен кезекке тұрған мерзімі.
"Соған қарай баспана мәселесі шешіледі. Мәселен, төлем қабілеттілігі төмен азаматтарға жалдамалы баспана ұсынылады. Оны артынан жеке меншікке сатып алуға мүмкіндік беріледі. Ал төлем қабілеттілігі бар адамдарға жеңілдетілген ипотека ұсынылады. Қазір "2-10-20", "5-10-20" мен "7-20-25" бағдарламасы бар. Сосын "Наурыз" ипотекалық бағдарламасы шықты", - деді Лепесов үкіметте өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, алдымен әлеуметтік осал топтарға кіретін азаматтардың баспана мәселесі шешілетін болады.
Айта кетері, бұған дейін баспана кезегін әкімдіктер жүргізген болатын. Ал өтініштер арнайы сайтта қабылданды. Жаңа заңға сәйкес, баспана кезегі толығымен Отбасы банкіне берілді. Осыған байланысты басқа сайт іске қосылған болатын. 24 мамырдан бері баспана кезегіне тағы 70 мың адам қосылды.
Отбасы банк - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
"Отбасы Банк" "Наурыз" ипотека бағдарламасына қатысушылардың тізімін жариялады
Жаңалықтар
0