https://sputnik.kz/20250527/baspana-kezegine-tagy-70-myn-adam-qosyldy--ministr-53934099.html
Баспана кезегіне тағы 70 мың адам қосылды – министр
Баспана кезегіне тағы 70 мың адам қосылды – министр
Sputnik Қазақстан
Енді баспанаға мұқтаж кез келген адам кезекке тұра алады 27.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-27T14:25+0500
2025-05-27T14:25+0500
2025-05-27T14:25+0500
баспана
кезекке тұру
электронды кезек
https://sputnik.kz/img/07e7/07/06/36599597_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_74ad295137a0b332c14e8741300a4003.jpg
АСТАНА, 27 мамыр– Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баспана кезегіне тағы 70 мың адамның қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Биылдан бастап әкімдіктердің баспана кезегі толығымен Отбасы банкіне ауыстырылды. Жақында кезекке тұратын арнайы сайт іске қосылған болатын.Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, жаңадан қосылған сайтқа 170 мың өтініш түскен.Осылайша, бұған дейін болған 650 мың адамға баспанаға мұқтаж тағы 70 мың адам қосылды.Айта кетері, баспанаға мұқтаж кез келген адам кезекке тұра алады. Бірақ нақты талаптар бар. Олар:
https://sputnik.kz/20250514/ministrlik-endi-zhetim-balalarga-baspana-berilmeydi-degen-qauesetke-zhauap-berdi-53513678.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/06/36599597_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_9679b567a04ba9722afdfd11f614d45a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баспана, кезекке тұру, электронды кезек
баспана, кезекке тұру, электронды кезек
Баспана кезегіне тағы 70 мың адам қосылды – министр
Енді баспанаға мұқтаж кез келген адам кезекке тұра алады
АСТАНА, 27 мамыр– Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баспана кезегіне тағы 70 мың адамның қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды S
putnik Қазақстан тілшісі.
Биылдан бастап әкімдіктердің баспана кезегі толығымен Отбасы банкіне ауыстырылды. Жақында кезекке тұратын
арнайы сайт іске қосылған болатын.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, жаңадан қосылған сайтқа 170 мың өтініш түскен.
"24 мамырдан бастап жаңа ережелер күшіне енді. Енді баспана кезегін Отбасы банк жүргізеді. 24 мамырдан бері бірнеше күн ғана өтті. Мендегі шұғыл ақпаратқа сәйкес, осы уақыттың ішінде шамамен 170 өтініш түскен. Соның ішінен 70 мың адам баспана кезегіне қойылды", - деді Нағаспаев үкіметте өткен брифингте.
Осылайша, бұған дейін болған 650 мың адамға баспанаға мұқтаж тағы 70 мың адам қосылды.
"Иә, баспана кезегі айтарлықтай өседі. Оны ашық айтуымыз керек", - деп атап өтті министр.
Айта кетері, баспанаға мұқтаж кез келген адам кезекке тұра алады. Бірақ нақты талаптар бар. Олар:
соңғы 5 жыл ішінде ҚР аумағында тұрғын үйдің болмауы;
жалғыз баспананың апатты деп танылуы;
Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін қосымша соңғы 3 жыл ішінде тіркеудің болуы.