https://sputnik.kz/20250514/ministrlik-endi-zhetim-balalarga-baspana-berilmeydi-degen-qauesetke-zhauap-berdi-53513678.html
Министрлік "енді жетім балаларға баспана берілмейді" деген қауесетке жауап берді
Министрлік "енді жетім балаларға баспана берілмейді" деген қауесетке жауап берді
Sputnik Қазақстан
Керісінше жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігі кеңейеді, дейді мамандар 14.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-14T12:41+0500
2025-05-14T12:41+0500
2025-05-14T12:41+0500
жетім балалар
баспана
https://sputnik.kz/img/12/82/128286_0:149:3648:2201_1920x0_80_0_0_49d9dedf5a8d3ac06faa0795cf1c4142.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй реформасы бойынша әлеуметтік желіде таралып жатқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жаңа ереже қашан күшіне енедіӘлеуметтік желіде жетім балалар мемлекеттік тұрғын үй алу бойынша басым құқығынан айырылатыны туралы ақпарат тарады. Соның салдарынан олар "көшеде қалуы мүмкін" деген пікірлер көбейген."Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. 2025 жылдың 24 мамырынан бастап күшіне енетін тұрғын үй заңнамасының жаңа нормалары, керісінше, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігін сақтап қана қоймай, оны кеңейтеді", - дейді министрлік мамандары.Жетімдердің басымдық құқығы сақталадыТұрғын үй реформасы аясында "жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаты мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұрынғыдай басым құқыққа ие болып қала береді. Бұл норма жаңа заңнамада күшін жойған жоқ.Ал 2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес, барлық азамат, соның ішінде жетім балалар да өздері тұрып жатқан жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіре алады.Заңда жекешелендірудің үш механизмі қарастырылған. Олар:Міндетті түрде жекешелендіру керек пеЖалдамалы тұрғын үйді жекешелендіру ешкімге міндеттелмейді. Баспананы сатып алуға мүмкіндігі жоқ жетім балалар мен өзге де азаматтар бұрынғыдай әкімдікпен жасалған жалдау шарты негізінде ақысын төлеп, тұра береді."Оларды ешкім үйден шығара алмайды немесе тұрғын үйден айырмайды", - дейді мамандар.Осы орайда министрлік қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және жалған мәлімет таратпауға кеңес берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/12/82/128286_0:0:3648:2736_1920x0_80_0_0_909d3f72458bdfd7cd9e517324569753.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетім балалар, баспана
Министрлік "енді жетім балаларға баспана берілмейді" деген қауесетке жауап берді
Керісінше жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігі кеңейеді, дейді мамандар
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй реформасы бойынша әлеуметтік желіде таралып жатқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жаңа ереже қашан күшіне енеді
Әлеуметтік желіде жетім балалар мемлекеттік тұрғын үй алу бойынша басым құқығынан айырылатыны туралы ақпарат тарады. Соның салдарынан олар "көшеде қалуы мүмкін" деген пікірлер көбейген.
"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. 2025 жылдың 24 мамырынан бастап күшіне енетін тұрғын үй заңнамасының жаңа нормалары, керісінше, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігін сақтап қана қоймай, оны кеңейтеді", - дейді министрлік мамандары.
Жетімдердің басымдық құқығы сақталады
Тұрғын үй реформасы аясында "жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаты мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұрынғыдай басым құқыққа ие болып қала береді. Бұл норма жаңа заңнамада күшін жойған жоқ.
Ал 2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес, барлық азамат, соның ішінде жетім балалар да өздері тұрып жатқан жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіре алады.
Заңда жекешелендірудің үш механизмі қарастырылған. Олар:
өтеусіз — "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабы 8-тармағында көзделген санаттарға, соның ішінде белгілі бір шарттарды растаған жетім балаларға қолданылады;
қалдық құны бойынша сатып алу — тұрғын үйдің тозу деңгейі шегерілген баланстық құны бойынша жүзеге асырылады;
бөліп төлеу арқылы сатып алу — бастапқы жарна 10%, қалған сома 15 жылға дейінгі мерзіммен тең үлестермен төленеді (15 млн теңгеден аспайтын үйлер үшін – 10 жылға дейін).
Міндетті түрде жекешелендіру керек пе
Жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіру ешкімге міндеттелмейді. Баспананы сатып алуға мүмкіндігі жоқ жетім балалар мен өзге де азаматтар бұрынғыдай әкімдікпен жасалған жалдау шарты негізінде ақысын төлеп, тұра береді.
"Оларды ешкім үйден шығара алмайды немесе тұрғын үйден айырмайды", - дейді мамандар.
Осы орайда министрлік қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және жалған мәлімет таратпауға кеңес берді.