https://sputnik.kz/20250409/otbasy-bank-nauryz-ipoteka-bagdarlamasyna-qatysushylardyn-tizimin-zhariyalady-52330282.html
"Отбасы Банк" "Наурыз" ипотека бағдарламасына қатысушылардың тізімін жариялады
"Отбасы Банк" "Наурыз" ипотека бағдарламасына қатысушылардың тізімін жариялады
Sputnik Қазақстан
Ертеңнен бастап олар алты айдан кейін баспана алу үшін несиеге өтініш бере алады 09.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-09T15:05+0500
2025-04-09T15:05+0500
2025-04-09T15:07+0500
банк
ипотека
https://sputnik.kz/img/07e7/05/11/34981864_0:82:3350:1966_1920x0_80_0_0_6152298649f7723a86b94e802712f5c9.jpg
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. "Отбасы банк" "Наурыз" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасына қатысушыларының тізімін жариялады.Бағдарламаға қатысуға берілген 34 745 өтінімнің әрбір үшінші қатысушысы қатысушылар тізіміне енген – тізімде 12 мың есім бар.Банк қатысушыларды іріктеу автоматты түрде жүргізілгенін және тізім мына талаптар бойынша қалыптасқан балл санына қарай құрылғанын хабарлады:
https://sputnik.kz/20250115/otbasy-bank-1-nauryzga-deyin-salymshylarga-syyaqy-toleydi-49976338.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/11/34981864_310:0:3041:2048_1920x0_80_0_0_76be493ba3e36bd74019c2e750b26964.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк, ипотека
"Отбасы Банк" "Наурыз" ипотека бағдарламасына қатысушылардың тізімін жариялады
15:05 09.04.2025 (жаңартылды: 15:07 09.04.2025) Ертеңнен бастап олар алты айдан кейін баспана алу үшін несиеге өтініш бере алады
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. "Отбасы банк" "Наурыз" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасына қатысушыларының тізімін жариялады.
Бағдарламаға қатысуға берілген 34 745 өтінімнің әрбір үшінші қатысушысы қатысушылар тізіміне енген – тізімде 12 мың есім бар.
"Енді "Наурыз" бағдарламасына қатысушылар тізіміне енген қазақстандықтар 2025 жылдың 10 сәуірінен бастап 2025 жылдың 16 мамырын қоса алғанда, "Отбасы банкке" несие алуға өтініш беруі керек. Несие мақұлданған жағдайда оларға баспана тауып, сатып алуға 6 ай уақыт беріледі", - делінген хабарламада.
Банк қатысушыларды іріктеу автоматты түрде жүргізілгенін және тізім мына талаптар бойынша қалыптасқан балл санына қарай құрылғанын хабарлады:
салым бойынша сыйақы мөлшері – әрбір 1000 теңге үшін 1 ұпай;
тіркелген неке болуы – 5 балл;
балалардың болуы – 10 балл (балалар санына қарамастан);
халықтың әлеуметтiк әлсiз топтары мәртебесiнiң болуы – 10 балл;
жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда) – 5 балл.