https://sputnik.kz/20250516/pyshaqty-surtip-otyrdy-sherzattyn-tuystary-keshirgen-zhasospirim-sotta-zhauap-berdi-53601328.html
"Пышақты сүртіп отырды": Шерзаттың туыстары кешірген жасөспірім сотта жауап берді
"Пышақты сүртіп отырды": Шерзаттың туыстары кешірген жасөспірім сотта жауап берді
Sputnik Қазақстан
Думан Ысқақ қылмыс туралы хабар бермегені үшін айыпталып отыр 16.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-16T12:40+0500
2025-05-16T12:40+0500
2025-05-16T12:40+0500
шерзат полат
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0c/47798933_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_2cd6f0f79df04ed44a7f71947526ef68.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Шерзаттың Полаттың ісіне қатысты сот отырысында марқұмның туыстары кешірім берген жасөспірімнен жауап алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сол күні кәмелет жасқа толмаған Думан Ысқақ сотталушылардың біреуіне тиесілі көлікті басқарған. Онымен оқиға орнына барған. Айтуынша, ол Шерзаттың әкесімен сөйлескеннен кейін көлікте отырған. Мылтықтың атылғанын естіген. Бірақ кімнің атқанын көрмепті. Төбелестен кейін барлығы "777" деген тағы бір дүкеннің қасында жиналған.Одан кейін Думан, Нұрбол, Азамат, Дархан және Абзал "Golf" көлігіне отырып, Тұрар Рысқұлов ауылына бет алған."Тауға қарай жүр деді. Мен үйге бармаймын дедім. Жарайды, онда осы жерден түсіп қал деді. Ауыл шетінде, үйімнен шамамен екі шақырым шалғай жерде түстім. Ары қарай көлікті Азамат Тоқтаубаев айдап кетті. Үйге барып, ертесінде мектепке бардым. Шамамен сағат 11-12-нің арасында интернеттен Шерзат Полаттың қаза болғанын оқыдым", - деп атап өтті Ысқақ.Айта кетері, Шерзат Полаттың өлімі бойынша 9 адам жауапқа тартылды. Олардың ішінде төртеуі бұрын сотты болған. Ал кәмелет жасқа толмаған Думан Ысқақ қылмыс туралы хабар бермегені үшін айыпталып отыр. Шерзат Полаттың туыстары оны кешіретінін мәлімдеген болатын.
https://sputnik.kz/20250516/sherzattyn-isi-sottalushylardyn-bireui-dosyn-zhazaga-tartu-ushin-zhalgan-aygaq-bergen-53593531.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0c/47798933_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_9d84fcfea9a813b2a0e14a3f06544ce7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шерзат полат , жасөспірім
шерзат полат , жасөспірім
"Пышақты сүртіп отырды": Шерзаттың туыстары кешірген жасөспірім сотта жауап берді
Думан Ысқақ қылмыс туралы хабар бермегені үшін айыпталып отыр
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Шерзаттың Полаттың ісіне қатысты сот отырысында марқұмның туыстары кешірім берген жасөспірімнен жауап алынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сол күні кәмелет жасқа толмаған Думан Ысқақ сотталушылардың біреуіне тиесілі көлікті басқарған. Онымен оқиға орнына барған. Айтуынша, ол Шерзаттың әкесімен сөйлескеннен кейін көлікте отырған. Мылтықтың атылғанын естіген. Бірақ кімнің атқанын көрмепті. Төбелестен кейін барлығы "777" деген тағы бір дүкеннің қасында жиналған.
"Сол жерде тоқтап, Нұрбол ағаға (Тоқтаубаев – Sputnik) үйге қайта берейінші деп едім, қазір күте тұр, ауылға шығамыз деді. Мен жақсы деп отырдым. Сол кезде Абзал Шынасылдың пышақ сүртіп отырғанын көрдім. Машинада мылтық тұрғанын да көрдім", - деді Ысқақ бүгінгі сот отырысында.
Одан кейін Думан, Нұрбол, Азамат, Дархан және Абзал "Golf" көлігіне отырып, Тұрар Рысқұлов ауылына бет алған.
"Тауға қарай жүр деді. Мен үйге бармаймын дедім. Жарайды, онда осы жерден түсіп қал деді. Ауыл шетінде, үйімнен шамамен екі шақырым шалғай жерде түстім. Ары қарай көлікті Азамат Тоқтаубаев айдап кетті. Үйге барып, ертесінде мектепке бардым. Шамамен сағат 11-12-нің арасында интернеттен Шерзат Полаттың қаза болғанын оқыдым", - деп атап өтті Ысқақ.
Айта кетері, Шерзат Полаттың өлімі бойынша 9 адам жауапқа тартылды. Олардың ішінде төртеуі бұрын сотты болған. Ал кәмелет жасқа толмаған Думан Ысқақ қылмыс туралы хабар бермегені үшін айыпталып отыр. Шерзат Полаттың туыстары
оны кешіретінін мәлімдеген болатын.