Шерзаттың ісі: сотталушы Тоқтаубаев досын жазаға тарту үшін жалған айғақ берген

© Sputnik/Айдана ДайыроваМесто жительства и гибели подростка
Место жительства и гибели подростка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталушы Азамат Тоқтаубаев өзімен бірге қамауға алынған Дархан Әскентайдың үстінен не себепті жалған айғақ бергенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі сот отырысында прокурор сотталушыдан тергеушіге берген жауаптан не себепті бас тартқанын сұрады. Бұған дейін Азамат Тоқтаубаев тағы бір сотталушы "Дархан Әскентай ерегесіп тұрған балалардың біреуін ұрып жіберді" деп айтқан. Ал сотта осы сөзінен бас тартып, "қобалжып айтылған" мәлімет екенін жеткізді.
"Иә, мен ол сөзімді қолдамаймын. Дархан жайлы мен жалған...қарама-қайшы ақпарат беріп жібердім", - деді Тоқтаубаев.
Осы орайда прокурор ондай куәлікті не себепті бергенін сұрады. Тоқтаубаев досына ашулы болғанын айтты.
"Дарханға кішкене ашулы болдым. Бізбен бірге жазаға тартылсын деп... Өзіме тартып алуды ойладым. Қазір ол кезде берген жауабыма өкінемін. Дарханның біреуді ұрғанын көрген жоқпын. Өтірік айғақ беріп жібердім", - деп атап өтті сотталушы.
Ал прокурордың "Сонда сіз Әскентайға жалған жала жаптыңыз ба?" деген сұрағына: "Жала жапқан жоқпын. Өтірік айғақ беріп жібердім", - деп қысқа ғана қайырды.
Айта кетері, сотта айтылған мәліметтер бойынша марқұм Шерзат Полат сотталушы Дархан Әскентайды дөрекі сөйлегені үшін бір рет ұрған. Содан жанжал басталып кеткен. Ал Азамат Тоқтаубаев басқа сотталушылармен бірге оқиға орнына көлікпен келген.
Жаңалықтар
0