Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Жеңістің 80 жылдығына арналған велошеру Оралға жетті

© Photo : Генконсульство России в Уральске Генеральный консул России в Уральске и представители Русского дома встретили путешественников
 Генеральный консул России в Уральске и представители Русского дома встретили путешественников  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2025
Жазылу
Ресейдің бас консулы Алексей Грубый велошеру қатысушыларын қарсы алды
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған велошеру Орал қаласына жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ресейдің бас консулдығына сілтеме жасап.
Велошеруге өзбектің танымал опера әншісі, саяхатшы Хурсанд Шеров бастамашы болды. Ал Қазақстанда оған жергілікті велотуристер Қайрат Ырғызбаев пен Жұмабай Отарғалиев қосылды. Жұмабай Отарғалиев биыл 70 жасқа келіп отыр.
Күні кеше велошабандоздар Орал қаласына жетті. Сол жерде Ресейдің бас консулы Алексей Грубыймен және вице-консул Константин Погарельскиймен де кездесіп үлгерді.
"Қазақстанның кең даласын оңтүстіктен солтүстікке дейін жүріп өткеннен кейін энтузиастар Ресей қалалары – Орынбор, Самара, Ульяновск, Пенза, Рязань, Тверь мен Волоколамск қалаларына бет алады. Велошеру 9 мамырда Мәскеу қаласында аяқталады", - дейді консулдық қызметкерлері.
Айта кетері, Мәскеуде өтетін парадға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та барады. Жақында мемлекет басшысының осы сапарына дайындық шаралары талқыланған болатын.
Астанадағы парадта аты аңызға айналған танктер мен зеңбіректер болады - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
Жеңіске 80 жыл: Астанадағы парадта аты аңызға айналған танктер мен зеңбіректер болады
Жаңалықтар
0