Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Жеңістің 80 жылдық мерекесі: президент Мәскеуге баруды жоспарлап отыр

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуВозложение цветов к могиле Неизвестного Солдата президентами Анголы и Казахстана
Возложение цветов к могиле Неизвестного Солдата президентами Анголы и Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Жазылу
Ол Путинмен кездесуі мүмкін
АСТАНА, 30 қаңтар. — Sputnik. Ресей үкіметі басшысының Қазақстанға сапары аясында Тоқаев пен Мишустиннің кездесуі өтті, депхабарлайды РИА Новости.
Тоқаев 9 мамырға Мәскеуге баратынын айтты. Ол Путинмен кездесуге үміттенетінін атап өтті.
Мишустин Қазақстан басшысына Ресей президентінің ыстық ықыласын жеткізді.

"Мүмкіндікті пайдалана отырып, Ресей президенті Владимир Путинге сәлемім мен құрметімді жеткізгім келеді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу кезінде кездесемін деп үміттенемін. Мен шақыруды қуана-қуана қабыл алдым", - деді Тоқаев.

Президент Қазақстанда да осы күнге орайластырылған еске алу шаралары өтетінін айтты.
"Бұл жерде, әрине, біз осы тарихи датаға байланысты іс-шараларды да жоспарлап қойдық. Бірақ біз оны 7-8 мамырда өткізіп үлгереміз, ал елдегі шаралар аяқталған соң мен Мәскеуге ұшып барамын", - деді Қазақстан президенті.
Ресей үкіметінің төрағасы құрметті қонақты қабылдауға дайын екенін айтты.
Жаңалықтар
0