https://sputnik.kz/20250409/zheniske-80-zhyl-astanadagy-paradta-aty-anyzga-aynalgan-tankter-men-zenbirekter-bolady-52328728.html
Жеңіске 80 жыл: Астанадағы парадта аты аңызға айналған танктер мен зеңбіректер болады
Жеңіске 80 жыл: Астанадағы парадта аты аңызға айналған танктер мен зеңбіректер болады
Sputnik Қазақстан
3000-нан астам әскери қызметші парад алаңында жүріп өтті 09.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-09T13:21+0500
2025-04-09T13:21+0500
2025-04-09T13:45+0500
жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/07e9/04/09/52317058_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_256d61db792b8a793a1c9958b3a1bb9a.jpg
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Астанадағы 68665 әскери бөлімінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге дайындықтың қалай жүріп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі."Шеруге қатысушыларды іріктеу кезінде бәріне бірдей физикалық дайындығы, денсаулық жағдайы, бойы бойынша қатаң талаптар қойылды", - деді құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев.7 мамырда Тәуелсіздік даңғылының бойымен жүретін парадқа негізінен құрлық әскерлері қатысады. Салтанатты шеруге мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланының, шекара қызметінің, төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері де қатысады.Парадтың қорытынды бөлігінде Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған Т-34 танктері және ЗИС-2 (калибрі 57 мм) зеңбіректері бар ЗИЛ-157, М-30 (калибрі 122 мм) гаубицалары бар ЗИЛ-157, есептоптарымен БМ-13 "Катюша" автомобильдерінің шеруі қарастырылған. Шеруде қала тұрғындары мен қонақтары "Арлан", "Cobra", "Стрела-10", "ТОР", "БУК", БТР-82А, "Алмаз", "Агат", "TEODor" секілді әскери техниканы тамашалай алады.7 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру өтеді.Оған 4 мыңнан астам әскери қызметкер мен 300-ден астам қару-жарақ пен әскери техника қатысады.Парадтың әуедегі техникаға арналған бөлігіне майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының 66 ұшағы қатысады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/09/52317058_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_d7b3a1e942ccdafb9a5d6d97a3f3c44d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жеңіске 80 жыл: Астанадағы парадта аты аңызға айналған танктер мен зеңбіректер болады
13:21 09.04.2025 (жаңартылды: 13:45 09.04.2025) 3000-нан астам әскери қызметші парад алаңында жүріп өтті
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Астанадағы 68665 әскери бөлімінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге дайындықтың қалай жүріп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды
қорғаныс министрлігі.
"Шеруге қатысушыларды іріктеу кезінде бәріне бірдей физикалық дайындығы, денсаулық жағдайы, бойы бойынша қатаң талаптар қойылды", - деді құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев.
7 мамырда Тәуелсіздік даңғылының бойымен жүретін парадқа негізінен құрлық әскерлері қатысады. Салтанатты шеруге мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланының, шекара қызметінің, төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері де қатысады.
Парадтың қорытынды бөлігінде Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған Т-34 танктері және ЗИС-2 (калибрі 57 мм) зеңбіректері бар ЗИЛ-157, М-30 (калибрі 122 мм) гаубицалары бар ЗИЛ-157, есептоптарымен БМ-13 "Катюша" автомобильдерінің шеруі қарастырылған. Шеруде қала тұрғындары мен қонақтары "Арлан", "Cobra", "Стрела-10", "ТОР", "БУК", БТР-82А, "Алмаз", "Агат", "TEODor" секілді әскери техниканы тамашалай алады.
7 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру өтеді.
Оған 4 мыңнан астам әскери қызметкер мен 300-ден астам қару-жарақ пен әскери техника қатысады.
Парадтың әуедегі техникаға арналған бөлігіне майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының 66 ұшағы қатысады.