https://sputnik.kz/20250328/zher-silkinisinen-keyin-ukimet-zhambyl-oblysyna-zhumys-tobyn-zhiberdi-52010239.html
Жер сілкінісінен кейін үкімет Жамбыл облысына жұмыс тобын жіберді
Жер сілкінісінен кейін үкімет Жамбыл облысына жұмыс тобын жіберді
Sputnik Қазақстан
Бүгін Жамбыл облысында екі рет 5 балдық жер сілкінісі тіркелді 28.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-28T18:19+0500
2025-03-28T18:19+0500
2025-03-28T18:19+0500
жамбыл облысы
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1c/51999159_114:89:970:570_1920x0_80_0_0_c19352bab295b17656e22af9aff7b2ec.jpg.webp
АЛМАТЫ, 28 наурыз - Sputnik. Жамбыл облысына жер сілкінісінен кейін жағдайды талдап, шаралар қабылдау және залалды бағалау үшін үкіметтік жұмыс тобы жіберілді, деп хабарлады министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.Премьер-министр бірінші кезекте әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардағы, жол қатынастары мен өнеркәсіп кәсіпорындарындағы жағдайды басым тәртіппен бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар нысандарды тексеру, шығындарды бағалау және деректерді жинау бойынша мобилді топтардың санын көбейту тапсырылды.Айта кетейік, бүгін Жамбыл облысында екі рет 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бірінші рет түнгі сағат 03:42-де болды.Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер зақымданып, жарықшақ пайда болды.Екінші рет сағат 15:56-да қайталанды. Бұл жолы да 5 балл көлемінде болды.Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды.Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды.
https://sputnik.kz/20250328/toqaev-zhambylda-zher-silkinisinen-bulingen-nysandar-men-uylerdi-qalpyna-keltirudi-tapsyrdy-52009949.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1c/51999159_117:45:974:688_1920x0_80_0_0_ec610be50a98b069da9b703a613e205e.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, жер сілкінісі
жамбыл облысы, жер сілкінісі
Жер сілкінісінен кейін үкімет Жамбыл облысына жұмыс тобын жіберді
Бүгін Жамбыл облысында екі рет 5 балдық жер сілкінісі тіркелді
АЛМАТЫ, 28 наурыз - Sputnik. Жамбыл облысына жер сілкінісінен кейін жағдайды талдап, шаралар қабылдау және залалды бағалау үшін үкіметтік жұмыс тобы жіберілді, деп хабарлады министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.
"Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша жер сілкінісіне байланысты Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарына жағдайды талдау, жедел шаралар қабылдау, залалды анықтау және бағалау мәселелерінде жәрдемдесу үшін үкіметтік жұмыс тобы жіберілді. Оны төтенше жағдайлар вице-министрі бастап апарады", - делінген хабарламада.
Премьер-министр бірінші кезекте әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардағы, жол қатынастары мен өнеркәсіп кәсіпорындарындағы жағдайды басым тәртіппен бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар нысандарды тексеру, шығындарды бағалау және деректерді жинау бойынша мобилді топтардың санын көбейту тапсырылды.
Айта кетейік, бүгін Жамбыл облысында екі рет 5 балдық жер сілкінісі
тіркелді. Бірінші рет түнгі сағат 03:42-де болды.
Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер зақымданып, жарықшақ пайда болды.
Екінші рет сағат 15:56-да
қайталанды. Бұл жолы да 5 балл көлемінде болды.
Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды.