Жамбыл облысында тағы да жер сілкінді

© Sputnik / Владислав ВодневСейсмологи
Сейсмологи - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2025
Жазылу
Есептілік қарқындылығы: Мерке ауылында – 5.0 балл
АСТАНА, 28 наурыз - Sputnik. Жамбыл облысында бүгін тағы жер сілкінді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Жер сілкінісі 28 наурызда сағат 16:00-де тіркелді.
ТЖМ мәліметінше, зілзала ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы:
Мерке ауылында – 5.0 балл
Кұлан ауылында – 4.4 балл
Шу қаласында – 2.6 балл
Толе Би ауылында – 2.5 балл
Сарыкемер ауылында – 2.5 балл
Тараз қаласында – 2.4 балл
Қордай ауылында – 2.4 балл
Аса ауылында – 2.2 балл
Мойынкұм ауылында – 2.0 балл.
Еске салайық, 28 наурызға қараған түні Жамбыл облысында жер сілкінді. Әсіресе Мерке ауданында қатты сезілген.
Жағдайға байланысты Жамбыл облысы әкімдігі мен Қырғызстан төтенше жағдайлар саласының мамандары бірігіп жұмыс істейтін болды. Ал арнайы комиссия жер сілкінісі салдарынан келтірілген шығынды анықтауға кірісті.
Аким Жамбылской области Карашукеев посетил пострадавшие от землетрясения пункты - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2025
Жамбылдағы жер сілкінісі: арнайы комиссия шығынды анықтауға кірісті
Жаңалықтар
0