https://sputnik.kz/20250328/zhambyldagy-zher-silkinisi-arnayy-komissiya-shygyndy-anyqtauga-kiristi-52006089.html
Жамбылдағы жер сілкінісі: арнайы комиссия шығынды анықтауға кірісті
Жамбылдағы жер сілкінісі: арнайы комиссия шығынды анықтауға кірісті
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ жергілікті әкімдік Қырғызстан төтенше жағдай қызметінің мамандарымен бірігіп жұмыс істейді 28.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-28T15:50+0500
2025-03-28T15:50+0500
2025-03-28T15:50+0500
жамбыл облысы
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1c/51999203_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_185c0b513c7d0f864b33fa7b4097fe53.jpg
АСТАНА, 28 наурыз - Sputnik. Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен сегіз үй зақымданды.Қазіргі таңда Меркі аудандық орталық ауруханасының, Меркі ауылдық округіндегі "Балдәурен" балабақшасының ғимараттарында және Талдыбұлақ ауылындағы тұрғын үйдің асханасында қжарықшақ анықталды.Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылындағы тұрғын үйдің, Жаңатұрмыс ауылындағы – 6 баспананың, ауылдық мектептің, Қарақыстақ ауылдық округінің Каменка ауылындағы мәдениет үйінің қабырғаларында жарықшақ пайда болған.Әлеуметтік нысандардан бөлек тұрғын үйлер де зақымданған. Жедел штаб Тұрар Рысқұлов ауданында жеті үй, Меркі ауданында бір үйдің зақымданғанын анықтады.Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жер сілкінісі болған аудандардағы бүлінген нысандарды аралады."Арнайы комиссия келтірілген шығындарды анықтайды. Оның құрамына ТЖМ-нің сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының өкілдері кіреді", - дейді облыс әкімдігі.Сондай-ақ кезекші бөлім желісі бойынша Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Чон-Капка және Ортотокой су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деді ведомство.Қазіргі уақытта халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп жоқ. Жедел жасақтар дайын, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, деп атап өтті жергілікті билік.Айта кетері, 2025 жылдың 28 наурызында түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.Бұған дейін Жамбылдағы жер сілкінісінен бірқатар ңимаратта жарықшақ пайда болғаны хабарланған болатын.
https://sputnik.kz/20250328/qazaqstannyn-ontustiginde-5-baldyq-zher-silkinisi-boldy-51980555.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1c/51999203_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_38551ca2a9774ad538d8f722cd72b8a3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, жер сілкінісі
жамбыл облысы, жер сілкінісі
Жамбылдағы жер сілкінісі: арнайы комиссия шығынды анықтауға кірісті
Сондай-ақ жергілікті әкімдік Қырғызстан төтенше жағдай қызметінің мамандарымен бірігіп жұмыс істейді
АСТАНА, 28 наурыз - Sputnik. Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен сегіз үй зақымданды.
Қазіргі таңда Меркі аудандық орталық ауруханасының, Меркі ауылдық округіндегі "Балдәурен" балабақшасының ғимараттарында және Талдыбұлақ ауылындағы тұрғын үйдің асханасында қжарықшақ анықталды.
Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылындағы тұрғын үйдің, Жаңатұрмыс ауылындағы – 6 баспананың, ауылдық мектептің, Қарақыстақ ауылдық округінің Каменка ауылындағы мәдениет үйінің қабырғаларында жарықшақ пайда болған.
Әлеуметтік нысандардан бөлек тұрғын үйлер де зақымданған. Жедел штаб Тұрар Рысқұлов ауданында жеті үй, Меркі ауданында бір үйдің зақымданғанын анықтады.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жер сілкінісі болған аудандардағы бүлінген нысандарды аралады.
"Арнайы комиссия келтірілген шығындарды анықтайды. Оның құрамына ТЖМ-нің сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының өкілдері кіреді", - дейді облыс әкімдігі.
Сондай-ақ кезекші бөлім желісі бойынша Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Чон-Капка және Ортотокой су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деді ведомство.
Қазіргі уақытта халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп жоқ. Жедел жасақтар дайын, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, деп атап өтті жергілікті билік.
Айта кетері, 2025 жылдың 28 наурызында түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.
Бұған дейін Жамбылдағы жер сілкінісінен бірқатар ңимаратта жарықшақ пайда болғаны хабарланған болатын.