Елдің оңтүстігінде 5 балдық жер сілкінісі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинЖер сілкінісі
Жер сілкінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2025
Жазылу
"Қазселқорғаныс" мамандары гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар аумақтарды тексерді
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанның оңтүстігінде 5 балдық жер сілкінісі болды.
28 наурызда Астана уақытымен сағат 03:42-де қазақстандық сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан.
Балмен есептелген қарқындылық мынаны құрады:
Меркі ауылы – 5 балл;
Құлан ауылы – 4 балл;
Шу қаласы – 2 балл;
Төле би ауылы – 2 балл;
Сарыкемер ауылы – 2 балл;
Тараз қаласы – 2 балл;
Қордай ауылы – 2 балл;
Аса ауылы – 2 балл;
Мойынқұм ауылы – 2 балл.
Құрбандар мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. "Қазселқорғаныс" мамандары гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар аумақтарды тексерді. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына да шолу жүргізілді. Ешқандай зақым табылмады.
Сондай-ақ, төтенше жағдайлар министрлігінің қолбасшылық орталығында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штабтың құрылғаны хабарланды. Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен аумақтық бөлімшелермен жұмыс кеңесі және бейнеконференция өтті.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қалыпты жұмыс істеуде, төтенше жағдайлар министрлігі жағдайды бақылауды жалғастыруда. Жағдай тұрақты, құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда әрекет ету үшін дайын.
Жамбыл облысында химиялық қауіпті 5 нысан бар. Мамандар оларды тексерді, ешқандай қауіп жоқ, деді құтқарушылар.
Архивное фото сейсмографа - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Түркістан облысында жер сілкінді
Жаңалықтар
0