Түркістан облысында жер сілкінді

© Sputnik / Игорь Носов / Медиабанкке өтуАрхивное фото сейсмографа
Архивное фото сейсмографа - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Жазылу
Жер сілкінісі Абай ауылы мен Сарыағаш қаласында 3 балл деңгейінде сезілді
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында таңғы алты шамасында жер сілкінді, деп хабарлады Nөтенше жағдайлар министрлігі.
"ҚР ТЖМ" ҰҒЦСНИ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 12 наурызда Астана уақыты бойынша 06 сағат 15 минутта жер сілкінісіy тіркеді. Ошақ Өзбекстан Республикасының аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 684 км жерде болды" - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісі Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылынан 16 км қашықтықта болған. Абай ауылы мен Сарыағаш қаласында 3 балл деңгейінде сезілді. Қираған ғимарат, зардап шеккен адам туралы мәлімет түспеген.
Кейін ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді тексеру бойынша мониторинг жүргізді.
Сондай-ақ әлеуметтік нысандардағы ықтимал зақымдарға көзбен шолып тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша зақым табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған нысандар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп атап өтті ТЖМ.
Жер сілкінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2025
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары жер сілкінісін сезінді
Жаңалықтар
0