Батыс Қазақстанда 200 креативті маман даярланады

© Sputnik / Санат ИмангалиевАида Балаева
Аида Балаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Жазылу
Креативті мамандар шығармашылық экономиканы дамытып қана қоймай, елге шетел инвестицияларын да тарта алады
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 200 креативті маман даярланады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында “Ozge Epic” креативті хабтар желісінің негізін қалаушы Мақпал Жұмабай мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Креативті мамандар шығармашылық экономиканы дамытып қана қоймай, елге шетел инвестицияларын да тарта алады. Сол себепті ондай мамандарды даярлау стратегиялық маңызға ие.
"Бұл бағытта біз Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 421 студентіне оқу бағдарламасын ұйымдастырдық. Ендігі кезекте Батыс Қазақстан облысында 200 креативті маман дайындаймыз. Сонымен қатар біз өзіміз шоғырланған өңірлерде Креативті мамандықтар картасын әзірлеп, жергілікті жердің сұранысына сай жұмыс істеуді мақсат етіп отырмыз. Осы тәжірибені басқа аймақтар үшін де пайдалануға әзірміз", - дейді Жұмабай.
Оның айтуынша, креативті кадрлар даярлау бағдарламасын білім беру жүйесінің әр деңгейінде енгізу керек. Ал психологтар балаларды кәсіптік бағдарлауды 5 жастан бастауға тиіс.
"Сондықтан креативті білім беруді орта, кәсіптік және жоғары білім беру салаларымен қатар, қысқа мерзімді курстардың тізіміне қосу қажеттігі туындап отыр", — деді ұйым басшысы.
Айта кетері, бүгінгі отырыста креативті индустрияны дамыту мәселесі қаралды. Алдағы уақытта Қазақстанда креативті индустрияны дамыту қоры құрылады.
Мобильді аударым - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Министр тағы бір сала үшін салық жеңілдігін беруді сұрады
Жаңалықтар
0