https://sputnik.kz/20250318/qazaqstanda-tagy-bir-qor-qurylady-51698610.html
Қазақстанда тағы бір қор құрылады
Қазақстанда тағы бір қор құрылады
Sputnik Қазақстан
Жаңа ұйым жетекші шығармашылық және білім беру ұйымдарының қатысуымен қорпоративтік қор ретінде құрылады 18.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-18T10:05+0500
2025-03-18T10:05+0500
2025-03-18T10:09+0500
аида балаева
индустрияландыру
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/18/49524414_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_a1e4922c57bd9202d89e0f7bda0b5432.jpg
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Қазақстанда креативті индустрияны дамыту қоры құрылады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Осыдан төрт жыл бұрын президент креативті индустрияны қолдаудың арнайы институтын құруды тапсырған болатын. Алдағы уақытта креативті индустрияны дамытуға жәрдемдесетін заңды тұлға – креативті индустрияларды дамыту қоры құрылады.Жаңа ұйым жетекші шығармашылық және білім беру ұйымдарының қатысуымен қорпоративтік қор ретінде құрылады және негізгі төрт бағыт бойынша қызметті жүзеге асырады. Олар:Қор креативті индустриядағы венчурлық инвестицияларды дамытумен де айналысады. Осыған байланысты "Астана" халықаралық қаржы орталығы негізінде басқарушы компаниялардың пулын тарта отырып, жедел және қайтарымды негізде ақшалай қаражатты тиімді орналастыруға мүмкіндік беретін венчурлық бөлімше құрылатын болады.
https://sputnik.kz/20241107/sagyntaev-kreativti-industriya-mamandaryn-marapattady-48347366.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/18/49524414_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_767c09c64bcb857b35db278eaefb6867.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аида балаева, индустрияландыру
аида балаева, индустрияландыру
Қазақстанда тағы бір қор құрылады
10:05 18.03.2025 (жаңартылды: 10:09 18.03.2025) Жаңа ұйым жетекші шығармашылық және білім беру ұйымдарының қатысуымен қорпоративтік қор ретінде құрылады
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Қазақстанда креативті индустрияны дамыту қоры құрылады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осыдан төрт жыл бұрын президент креативті индустрияны қолдаудың арнайы институтын құруды тапсырған болатын. Алдағы уақытта креативті индустрияны дамытуға жәрдемдесетін заңды тұлға – креативті индустрияларды дамыту қоры құрылады.
Жаңа ұйым жетекші шығармашылық және білім беру ұйымдарының қатысуымен қорпоративтік қор ретінде құрылады және негізгі төрт бағыт бойынша қызметті жүзеге асырады. Олар:
таланттарды анықтау (конкурстар, креатондар, мобильді продюсерлік орталықтар ұйымдастыру, өңірлерде таланттарды іздеу);
жобаларды дамыту (стартаптарды акселерациялау және инкубациялау, коммерцияландыру, инвестиция тарту);
инфрақұрылымды дамыту (хабтар желісін кеңейту, тұрақты арт-алаңдар құру, мемлекеттік мүлікке қол жеткізуді қамтамасыз ету);
экспортқа қолдау көрсету (шетелдік аудиторияға шығу, маркетинг және PR, авторлық құқықты қорғау).
"Еліміздегі Креативті индустрияларды дамыту қорының бюджеті ұлттық лотерея операторы қызметінен бөлінетін 3% аударым есебінен қалыптастырылады", - деді Балаева үкіметтің бүгінгі отырысында.
Қор креативті индустриядағы венчурлық инвестицияларды дамытумен де айналысады. Осыған байланысты "Астана" халықаралық қаржы орталығы негізінде басқарушы компаниялардың пулын тарта отырып, жедел және қайтарымды негізде ақшалай қаражатты тиімді орналастыруға мүмкіндік беретін венчурлық бөлімше құрылатын болады.