https://sputnik.kz/20241107/sagyntaev-kreativti-industriya-mamandaryn-marapattady-48347366.html
Сағынтаев креативті индустрия мамандарын марапаттады
Сағынтаев креативті индустрия мамандарын марапаттады
Sputnik Қазақстан
Бақытжан Сағынтаев креативті индустрия өкілдерінің қосқан үлесі туралы айтты 07.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-07T11:06+0500
2024-11-07T11:06+0500
2024-11-07T11:06+0500
еаэо
бақытжан сағынтаев
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/07/48339414_0:124:1280:844_1920x0_80_0_0_5bee654e3d1e962e00b3ec15605e61c1.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Digital Union жаңа идеясы ЕАЭО елдеріндегі экономиканы цифрландырудың табысты тәжірибесіне негізделген, деп мәлімдеді ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев.Бұл Еуразиялық экономикалық одақ аумағында енгізіліп жатқан заманауи шешімдер мен цифрлық егемендікті сақтау үшін маңызды.Тұжырымдаманың ең маңызды мақсаты – біздің халықтарымыз бен бизнесімізге еуразиялық экономикалық интеграцияның артықшылықтарын көрсету, деді Сағынтаев.Digital Union үш принцип бойынша құрылады:Сондай-ақ еуразиялық "бестік" елдерінің азаматтары мен заңды тұлғаларын деректерді жолдаусыз сәйкестендіру мен аутентификацияның өзара мойындалған жүйесін қалыптастыру маңызды.Бұл жүйелерді өзара тану бойынша пилоттық жобаны ЕЭК Армения және Қырғызстанмен бірлесіп жүзеге асырып жатыр, Қазақстан жобаға енді қосылуда.Цифрлық шешімдерден бөлек оларды жүзеге асыратын мамандар да маңызды. Сағынтаев ЕЭК штаб-пәтерінде "Сбербанк" ЖАҚ креативті бөлімінің өкілдерімен кездесті. Команда цифрлық жаңашылдықтарды енгізіп, заманауи жұмыс әдістерін дамытуға белсенді түрде үлес қосады.Digital Union тұжырымдамасын визуализациялау және танымал еткендері үшін "Сбербанк" командасының өкілдеріне алғыс хаттар, құрмет грамоталары және "Еуразиялық интеграцияны дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгілері берілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/07/48339414_65:0:1202:853_1920x0_80_0_0_93818b0c82c83fb0c9001b2c389b8f03.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, бақытжан сағынтаев
Сағынтаев креативті индустрия мамандарын марапаттады
Бақытжан Сағынтаев креативті индустрия өкілдерінің қосқан үлесі туралы айтты
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Digital Union жаңа идеясы ЕАЭО елдеріндегі экономиканы цифрландырудың табысты тәжірибесіне негізделген, деп мәлімдеді ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев.
Бұл Еуразиялық экономикалық одақ аумағында енгізіліп жатқан заманауи шешімдер мен цифрлық егемендікті сақтау үшін маңызды.
Тұжырымдаманың ең маңызды мақсаты – біздің халықтарымыз бен бизнесімізге еуразиялық экономикалық интеграцияның артықшылықтарын көрсету, деді Сағынтаев.
Digital Union үш принцип бойынша құрылады:
Digital Union құру кезінде нормативтік және инфрақұрылымдық шешімдердің үйлесімділігі;
ұлттық цифрлық платформалардағы синхрондау және үздіксіз өзара әрекеттесу мүмкіндігі;
ұйымға мүше мемлекеттер дайын болатын көлемде және қарқында барлық төрт еуразиялық "еркіндікті" цифрландыру.
Сондай-ақ еуразиялық "бестік" елдерінің азаматтары мен заңды тұлғаларын деректерді жолдаусыз сәйкестендіру мен аутентификацияның өзара мойындалған жүйесін қалыптастыру маңызды.
Бұл жүйелерді өзара тану бойынша пилоттық жобаны ЕЭК Армения және Қырғызстанмен бірлесіп жүзеге асырып жатыр, Қазақстан жобаға енді қосылуда.
"Біз ұсынған Digital Union тұжырымдамасы қазіргі цифрлық трансформация кезеңіндегі барлық қажеттілікке жауап берді. Креативті көзқарас пен міндеттерді терең түсінудің арқасында тұжырымдама оңтайлы болды және заманауи жағдайда баламасы жоқ", - деді Бақытжан Сағынтаев.
Цифрлық шешімдерден бөлек оларды жүзеге асыратын мамандар да маңызды. Сағынтаев ЕЭК штаб-пәтерінде "Сбербанк" ЖАҚ креативті бөлімінің өкілдерімен кездесті. Команда цифрлық жаңашылдықтарды енгізіп, заманауи жұмыс әдістерін дамытуға белсенді түрде үлес қосады.
Digital Union тұжырымдамасын визуализациялау және танымал еткендері үшін "Сбербанк" командасының өкілдеріне алғыс хаттар, құрмет грамоталары және "Еуразиялық интеграцияны дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгілері берілді.