Министр тағы бір сала үшін салық жеңілдігін беруді сұрады

© Sputnik / Санат ИмангалиевМобильді аударым
Мобильді аударым - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Жазылу
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде креативті секторларда барлығы 143,6 мың адам жұмыс істейді
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева салық реформасы аясында креативті индустрия саласы үшін жеңілдіктер беруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде креативті секторларда барлығы 143,6 мың адам жұмыс істейді. Олардың ішінде IT, сәулет және сән өнері, мәдени-демалыс мекемелері, кітапханалар мен музейлер, сондай-ақ халық қолөнері бар. Ал креативті индустриямен айналысатын кәсіпкерлердің саны 45,5 мыңнан асады.
"Құрметті Олжас Абайұлы (премьер-министр - Sputnik), қазіргі кезде жаңа Салық кодексінің жобасы талқыланып жатқанын ескере отырып, біз креативті индустрияға арналған бірқатар ынталандырушы салықтық шараларын қарастыруды сұраймыз. Олар бөлшек салық арнайы салық режимін сақтаумен қатар қосылған құн салығы мен корпоративті табыс салығының жеңілдетілген ставкаларды белгілеуге қатысты", - деді Балаева үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, үкімет қосылған құн салығына қатысты салықтық өзгерістерді мәжіліс қарауына енгізді. Соның бәрі Салық кодексі аясында қабылданады.
Такси - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Такси жүргізушілері үшін салық мөлшері ұлғаймайды – министрлік
Жаңалықтар
0