https://sputnik.kz/20250314/toqaev-qazaqstandyqtardy-amal-merekesimen-quttyqtady-51600751.html
Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады
Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады
Sputnik Қазақстан
Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз, деді мемлекет басшысы 14.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-14T08:21+0500
2025-03-14T08:21+0500
2025-03-14T11:16+0500
құттықтау
президент
көрісу
https://sputnik.kz/img/07e8/03/15/43057718_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_4ecc7c5fe26a81a592d67dd7f5566184.jpg
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.Тоқаев мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндесетінін айтты.14 наурызда қазақ халқы дәстүрлі Амал мерекесін тойлайды. Жылдың басын наурыздан санайтын қазақ үшін 14 наурыз маңызды күн. Өйткені осы күні жаңа ай туып, жаңа жыл кіреді деп есептеген.
https://sputnik.kz/20250311/nauryzga-arnalgan-tilekter-men-batalar-51530087.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/15/43057718_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_40e11f765a4f95cf523e40cef59ef411.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
амал мерекесі 2025
Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады
08:21 14.03.2025 (жаңартылды: 11:16 14.03.2025) Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз, деді мемлекет басшысы
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады, деп хабарлады
Ақорда.
"Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз. Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген", - деді президент.
Тоқаев мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндесетінін айтты.
"Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін. Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Айдан аман, жылдан есен болайық!", - деп құттықтады президент.
14 наурызда қазақ халқы дәстүрлі
Амал мерекесін тойлайды. Жылдың басын наурыздан санайтын қазақ үшін 14 наурыз маңызды күн. Өйткені осы күні жаңа ай туып, жаңа жыл кіреді деп есептеген.