https://sputnik.kz/20250313/amal-keldi-zhyl-keldi-14-nauryzda-qazaqstandyqtar-korisu-kunin-toylaydy-51576719.html
Амал келді, жыл келді: 14 наурызда қазақстандықтар Көрісу күнін тойлайды
Амал келді, жыл келді: 14 наурызда қазақстандықтар Көрісу күнін тойлайды
Sputnik Қазақстан
Амал мерекесінде халқымыз бір-бірін жыл басымен құттықтап, төс қағыстырады 13.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-13T12:43+0500
2025-03-13T12:43+0500
2025-03-13T12:43+0500
көрісу
мереке
наурыз мейрамы
https://sputnik.kz/img/07e8/03/0d/42862871_0:179:1280:899_1920x0_80_0_0_0cdb0265b39cc7a4071781b40ab347f6.jpg
АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. 14 наурызда қазақ халқы дәстүрлі Амал мерекесін тойлайды. Самарқанның көк тасы еріген мезгілде қыстан қысылмай шыққан ағайын бір-бірімен көрісіп, өкпе-реніш кешіріліп, жүректе жылулық пен мейірім орнайды.Жылдың басын наурыздан санайтын қазақ үшін 14 наурыз маңызды күн. Өйткені осы күні жаңа ай туып, жаңа жыл кіреді деп есептеген. Табиғаттың өзі жаңарып, көңілді бір күйге енеді. Қыстан қалған сүрмен аналарымыз Наурыз көже жасап, ағайын-туыстың басы қосылады.Игі дәстүр бүгінде ұлттық ерекшелігіміз ғана емес, ғасырларға жалғасып келе жатқан ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі. Өйткені Көрісу-Амал мерекесі - үлкенге құрмет, кішіге ізет, әлсіздерді қорғап, жоқтарға қол ұшын созып, қолдайтын мейрам.Көрісу мерекесі еліміздің батыс өңірінде ерекше тойланады. Жұртшылық ұлттық киімдерін киіп, үлкендермен көрісіп, бата алады. Көрісу салты бір күнмен шектелмейді, жыл бойы жалғасады. Амал мерекесі елімізде дәстүрге айналған Наурызнама онкүндігін ашады. Ол 14 наурыздан 23 наурызға дейін жалғасады.Амал мерекесінде түрлі іс-шаралар өтеді. Осы күні халқымыздың салт-дәстүріне негізделген театрландырылған көрініс пен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/0d/42862871_0:59:1280:1019_1920x0_80_0_0_5af0f0f3fed931c51ed4cdb4d467bd85.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
14 наурыз көрісу күні амал мерекесі сценарий тәрбие сағаты құттықтау-тілек
14 наурыз көрісу күні амал мерекесі сценарий тәрбие сағаты құттықтау-тілек
Амал келді, жыл келді: 14 наурызда қазақстандықтар Көрісу күнін тойлайды
Амал мерекесінде халқымыз бір-бірін жыл басымен құттықтап, төс қағыстырады
АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. 14 наурызда қазақ халқы дәстүрлі Амал мерекесін тойлайды. Самарқанның көк тасы еріген мезгілде қыстан қысылмай шыққан ағайын бір-бірімен көрісіп, өкпе-реніш кешіріліп, жүректе жылулық пен мейірім орнайды.
Жылдың басын наурыздан санайтын қазақ үшін 14 наурыз маңызды күн. Өйткені осы күні жаңа ай туып, жаңа жыл кіреді деп есептеген. Табиғаттың өзі жаңарып, көңілді бір күйге енеді. Қыстан қалған сүрмен аналарымыз Наурыз көже жасап, ағайын-туыстың басы қосылады.
"Тарихи тамыры тереңге бойлаған бұл салт — дана халқымыздың ұлыс болып ұйығандығының жарқын көрінісі іспетті. Ата-бабаларымыз ежелден дәл осы күні бір-бірімен қуана қауышып, амандық-саулық сұрасып, ізгі тілектерін арнап, қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып мәре-сәре болған", - деп сипатталады этнографиялық жазбаларда.
Игі дәстүр бүгінде ұлттық ерекшелігіміз ғана емес, ғасырларға жалғасып келе жатқан ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі. Өйткені Көрісу-Амал мерекесі - үлкенге құрмет, кішіге ізет, әлсіздерді қорғап, жоқтарға қол ұшын созып, қолдайтын мейрам.
Көрісу мерекесі еліміздің батыс өңірінде ерекше тойланады. Жұртшылық ұлттық киімдерін киіп, үлкендермен көрісіп, бата алады. Көрісу салты бір күнмен шектелмейді, жыл бойы жалғасады.
Амал мерекесі елімізде дәстүрге айналған Наурызнама онкүндігін ашады. Ол 14 наурыздан 23 наурызға дейін жалғасады.
Амал мерекесінде түрлі іс-шаралар өтеді. Осы күні халқымыздың салт-дәстүріне негізделген театрландырылған көрініс пен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.