https://sputnik.kz/20250305/kenshiler-uyindi-astynda-qaldy-tergeudin-aldyn-ala-qorytyndysy-zhariyalandy-51354927.html
Кеншілер үйінді астында қалды: тергеудің алдын ала қорытындысы жарияланды
Кеншілер үйінді астында қалды: тергеудің алдын ала қорытындысы жарияланды
Sputnik Қазақстан
Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша ереже бұзушылықтар анықталды 05.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-05T10:29+0500
2025-03-05T10:29+0500
2025-03-05T10:29+0500
кен орыны
тергеу
https://sputnik.kz/img/07e9/02/12/50954096_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_080e4a6c21f2be2c44c1ceede28ebe26.jpg
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияда "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жомарт" кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары қаралды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Тергеу аясында 8 шағын комиссия құрылып, ғылыми-зерттеу институттары және зертханаларының сарапшылары мен мамандары да тартылды.Тергеу барысы туралы министрліктер өкілдерінің баяндамалары тыңдалып, куәгерлер арасында сауалнама жүргізілді, өндіріс технологиясын зерттеп, техникалық құрылғылар мен жабдықтардың жұмысқа жарамдылығы тексерілді, тиісті сараптамалар жүргізілді.Жиында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков пен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев апатта қаза тапқандардың отбасыларына әлеуметтік қолдау мен көмек көрсету және өтемақы төлеу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.Қазіргі уақытта "Жомарт" кенішінің жұмысы тоқтатылды. Комиссия қауіпті өндірістік объектілерде осындай оқиғалардың алдын алу шараларын әзірледі.Кеңес қорытындысы бойынша комиссия төрағасы Қанат Бозымбаев "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-ға бұзушылықтарды жою мен апаттардың алдын алу бойынша, оның ішінде кеніштегі қауіпсіздікті арттыру, ауадағы газ құрамын анықтаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу, бейнебақылау орнату және басқа да бірқатар тапсырма берді.Тергеу жұмыстары жалғасуда.Еске салайық, Ұлытау облысында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жомарт" кенішінде тау жынысы опырылып түсті. Оқиға салдарынан жеті жұмысшы үйінді астында қалды.
https://sputnik.kz/20250219/qanat-bozymbaev-tergeu-ayaqtalganga-deyin-shakhtadagy-zhumysty-qayta-bastamaudy-tapsyrdy-50977776.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/12/50954096_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_a7c11e2baa9b86ff0da0456cc5ad8e5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кен орыны, тергеу
Кеншілер үйінді астында қалды: тергеудің алдын ала қорытындысы жарияланды
Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша ереже бұзушылықтар анықталды
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияда "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жомарт" кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары қаралды, деп хабарлады
үкіметтің баспасөз қызметі.
Тергеу аясында 8 шағын комиссия құрылып, ғылыми-зерттеу институттары және зертханаларының сарапшылары мен мамандары да тартылды.
Тергеу барысы туралы министрліктер өкілдерінің баяндамалары тыңдалып, куәгерлер арасында сауалнама жүргізілді, өндіріс технологиясын зерттеп, техникалық құрылғылар мен жабдықтардың жұмысқа жарамдылығы тексерілді, тиісті сараптамалар жүргізілді.
"Комиссия тау-кен қазбасынан метанның жиналуы мен бөлінуі, содан кейін электр жабдықтарының ұшқынынан жарылыс болуы сияқты апаттың негізгі себебін анықтады. Сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша айтарлықтай ереже бұзушылықтар анықталып, жауапты тұлғалар тобы белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Жиында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков пен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев апатта қаза тапқандардың отбасыларына әлеуметтік қолдау мен көмек көрсету және өтемақы төлеу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
Қазіргі уақытта "Жомарт" кенішінің жұмысы тоқтатылды. Комиссия қауіпті өндірістік объектілерде осындай оқиғалардың алдын алу шараларын әзірледі.
Кеңес қорытындысы бойынша комиссия төрағасы Қанат Бозымбаев "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-ға бұзушылықтарды жою мен апаттардың алдын алу бойынша, оның ішінде кеніштегі қауіпсіздікті арттыру, ауадағы газ құрамын анықтаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу, бейнебақылау орнату және басқа да бірқатар тапсырма берді.
Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Еске салайық, Ұлытау облысында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жомарт" кенішінде тау жынысы
опырылып түсті. Оқиға салдарынан жеті жұмысшы үйінді астында қалды.