Ұлытау облысындағы кеніште 7 жұмысшы үйінді астында қалып қойды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуКаски рабочих, архивное фото
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Ұлытау облысында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жомарт" кенішінде тау жынысы опырылып түсті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"Оқиға салдарынан жеті жұмысшы үйінді астында қалды. Кабельдердің үзілуіне байланысты қазіргі уақытта жұмысшылармен байланыс жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Оған ТЖД-ның 21 қызметкері мен 7 техника жұмылдырылған, сондай-ақ "Серіктес" АҚҚ-ның 2 бөлімшесі құтқару жұмыстарына тартылған.
Жаңалықтар
0