Қанат Бозымбаев тергеу аяқталғанға дейін шахтадағы жұмысты қайта бастамауды тапсырды

© Photo : Пресс-служба ТОО "Корпорация "Казахмыс"Қанат Бозымбаев тергеу аяқталғанға дейін шахтадағы жұмысты қайта бастамауды тапсырды
Қанат Бозымбаев тергеу аяқталғанға дейін шахтадағы жұмысты қайта бастамауды тапсырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Вице-премьер Қанат Бозымбаев "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басшылығымен кеңес өткізді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Жиында белгілі болғандай, "Қазақмыс" қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті қаржылық көмек көрсетіп, сондай-ақ олардың несие қарыздарын өтейді.
"Қаза тапқандардың ғана емес, олардың отбасы мүшелерінің де қарыздары мен несиелерін өтеу қалыпты жағдай. Сіздер отбасылардың жағдайын мұқият саралап, балаларды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды оқытуға кететін шығындарды жабуларыңыз керек", — деді Қанат Бозымбаев.
Ал республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік жәрдемақы, сақтандыру төлемдері қарастырылған және жерлеу шығындары өтеледі. Вице-премьер төлемдерді кешіктірмеуді тапсырды. Тиісті тергеулерден кейін шахтада "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-де келісімшарттық міндеттемелер қайта қаралатын болады.
"Тергеу оның қауіпті немесе қауіпсіздігін көрсетпейінше, шахтадағы жұмысты қайта бастау туралы ойламаңыз. Жүйе мен тәсілдерді түбегейлі өзгерту қажет, біз мемлекет тарапынан оларды қатайтатын боламыз. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті құрылды, біз заңнаманы өзгертеміз. Қазір Парламентте тиісті заң жобасы қаралуда, осы заң жобасы шеңберінде Төтенше жағдайлар министрлігіне қосымша өкілеттіктер берілетін болады. Мұндай жазатайым оқиғаларды алдын алу үшін біз бар күшімізді саламыз", — деді Қанат Бозымбаев компания басшылығына.
Сонымен қатар вице-премьер Мемлекет басшысы тергеуді мұқият жүргізуді тапсырғанын еск есалып, бұл құқық қорғау органдарының сараптамалары, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің тергеуі, сондай-ақ кәсіпорындағы еңбек инспекторларының тексерулері екенін айтты. Бозымбаев компания басшылығына осы төтенше жағдайға кімнің жол бергенін анықтау кәсіпорын міндеті екенін ескертті.
Еске салайық, 17 ақпан күні Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС-нің Жомарт кенішінде тау жынысы опырылған болатын. Оқиға салдарынан жеті жұмысшы үйінді астында қалды. Барлығы қайтыс болды.Бұл төтенше жағдайға байланысты "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2025
Ұлытау облысындағы кеніште 7 жұмысшы үйінді астында қалып қойды
Жаңалықтар
0