Жаңадан тағайындалған министр халыққа ант берді
© Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Ерсайын Нағаспаев

Жазылу
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкіметтің кезекті отырысында Қанат Шарлапаевтың орнына тағайындалған министр ант берді.
"Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", - Нағаспаев.
Айта кетері, бұрынғы министр Қанат Шарлапаев президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды