https://sputnik.kz/20250228/memleket-basshysy-zhana-ministrdi-tagayyndady-51226781.html
Мемлекет басшысы жаңа министрді тағайындады
Мемлекет басшысы жаңа министрді тағайындады
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін бұл қызметте Қанат Шарлапаев болған 28.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-28T13:56+0500
2025-02-28T13:56+0500
2025-02-28T14:19+0500
тағайындау
министр
https://sputnik.kz/img/07e9/02/1c/51226405_0:78:549:388_1920x0_80_0_0_69136862e49ae1a617573331280b23f9.jpg.webp
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін тағайындады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды.Еске салайық, бүгін Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды. Ол президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.Ерсайын Нағаспаев туралы дерекЕрсайын Нағаспаев 1980 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.Еңбек жолын 2001 жылы Теміртау қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған. Содан кейін түрлі жылдары сыртқы істер министрлігі мен Ресей елшілігінде атташе, көлік және коммуникация министрлігінде департамент бөлімінің бастығы, директорының орынбасары, "Ақтау теңіз халықаралық сауда порты" РМК басшысының орынбасары қызметін атқарған.2009-2012 жыл аралығында премьер-министр орынбасарының кеңесшісі, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары, "СПК" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.2016-2020 жылдар аралығында - "Новострой Астана" ЖШС директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары. 2021 жылдың сәуірінде "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ сатып алулар жөніндегі басқарушы директоры боп тағайындалды.2022 жылдың қаңтарынан бастап "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ жаңа жобалар бойынша басқарушы директордың міндетін атқарушы болды.
https://sputnik.kz/20250228/qanat-sharlapaev-onerkasip-zhane-qurylys-ministri-qyzmetinen-bosatyldy-51220343.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/1c/51226405_0:40:549:452_1920x0_80_0_0_c9b13691e5b1e2f93c44b2443dc4850b.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тағайындау, министр
Мемлекет басшысы жаңа министрді тағайындады
13:56 28.02.2025 (жаңартылды: 14:19 28.02.2025) Бұған дейін бұл қызметте Қанат Шарлапаев болған
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін тағайындады, деп хабарлады
Ақорда.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды.
Еске салайық, бүгін Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды. Ол президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Ерсайын Нағаспаев туралы дерек
Ерсайын Нағаспаев 1980 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2001 жылы Теміртау қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған. Содан кейін түрлі жылдары сыртқы істер министрлігі мен Ресей елшілігінде атташе, көлік және коммуникация министрлігінде департамент бөлімінің бастығы, директорының орынбасары, "Ақтау теңіз халықаралық сауда порты" РМК басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2009-2012 жыл аралығында премьер-министр орынбасарының кеңесшісі, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары, "СПК" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.
2016-2020 жылдар аралығында - "Новострой Астана" ЖШС директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары.
2021 жылдың сәуірінде "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ сатып алулар жөніндегі басқарушы директоры боп тағайындалды.
2022 жылдың қаңтарынан бастап "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ жаңа жобалар бойынша басқарушы директордың міндетін атқарушы болды.