https://sputnik.kz/20250228/qanat-sharlapaev-onerkasip-zhane-qurylys-ministri-qyzmetinen-bosatyldy-51220343.html
Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды
Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы сәйкес жарлыққа қол қойды 28.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-28T11:54+0500
2025-02-28T11:54+0500
2025-02-28T12:29+0500
тағайындау
министр
https://sputnik.kz/img/07e8/08/0d/46274918_0:38:1280:758_1920x0_80_0_0_f6a8a12c893cfeba3b52f663b11cf317.jpg
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Шарлапаев президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.Еске сала кетейік, 2023 жылы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі екі жаңа министрлік болып қайта құрылды - өнеркәсіп және құрылыс министрлігі және көлік министрлігі. Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне басшы болып тағайындалды.Қанат Шарлапаев кімҚанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген.Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) бітірген.Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастады.2006-2008 жылдары "Сити" инвестбанкінің (Ұлыбритания, Чехия) өңірлік кеңсесінің қаржы департаментінде, жобаларды басқару департаментінде, операциялық-технологиялық департаментінде, сату басқармасында жұмыс істеді.2008-2014 жылдары – "Сити" инвестбанкінде (Лондон, Ұлыбритания) аға талдаушы, вице-президент көмекшісі, акциялар нарығындағы жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионның вице-президенті.2014-2015 жылдары – "Сити" инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).2015-2017 жылдары – "Ситибанк Қазақстанның" бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.2017-2020 жылдары – Ресей Ситибанкінде Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.2020 жылдан 2022 жылға дейін "Сити" инвестбанкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры қызметін атқарды.2022 жылы ақпанда "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы болды.2023 жылы қыркүйекте өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.
https://sputnik.kz/20250227/memlekettik-basqaru-akademiyasynyn-zhana-rektory-tagayyndaldy-51201242.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/0d/46274918_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_29a159de6695696f436993ba803f80ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тағайындау, министр
Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды
11:54 28.02.2025 (жаңартылды: 12:29 28.02.2025) Мемлекет басшысы сәйкес жарлыққа қол қойды
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлады
Ақорда.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Шарлапаев президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Еске сала кетейік, 2023 жылы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі екі жаңа министрлік болып қайта құрылды - өнеркәсіп және құрылыс министрлігі және көлік министрлігі. Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне
басшы болып тағайындалды.
Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген.
Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастады.
2006-2008 жылдары "Сити" инвестбанкінің (Ұлыбритания, Чехия) өңірлік кеңсесінің қаржы департаментінде, жобаларды басқару департаментінде, операциялық-технологиялық департаментінде, сату басқармасында жұмыс істеді.
2008-2014 жылдары – "Сити" инвестбанкінде (Лондон, Ұлыбритания) аға талдаушы, вице-президент көмекшісі, акциялар нарығындағы жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионның вице-президенті.
2014-2015 жылдары – "Сити" инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).
2015-2017 жылдары – "Ситибанк Қазақстанның" бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.
2017-2020 жылдары – Ресей Ситибанкінде Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.
2020 жылдан 2022 жылға дейін "Сити" инвестбанкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры қызметін атқарды.
2022 жылы ақпанда "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы болды.
2023 жылы қыркүйекте өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.