https://sputnik.kz/20250227/sherzat-polattyn-olimi-tergeu-ayaqtaldy-51199360.html
Шерзат Полаттың өлімі: тергеу аяқталды
Шерзат Полаттың өлімі: тергеу аяқталды
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық іс 62 томнан тұрады 27.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-27T09:03+0500
2025-02-27T09:03+0500
2025-02-27T09:06+0500
қылмыс
тергеу
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0c/47798933_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_1fdf0e81e0b901f7199ff10f73ade2b4.jpg.webp
АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні болған кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қылмысты тергеу аяқталды, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысты, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды.Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізілді, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктінің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылды.Полиция әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді, тергеудің барлық кезеңдерінде заңдылық, ашықтық және объективтілік қамтамасыз етілді деп сендірді.Тергеудің барысы және процесс қатысушыларының конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының бақылауында болғаны айтылды.Еске салайық, 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімі халықты дүр сілкіндірді. 4 қазанда бірнеше адам жасөспірімді аямай ұрып, бірнеше рет пышақ тыққан. Шерзат аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Осыдан кейін Талғардағы "Хуторские" қылмыстық тобы туралы ақпарат тарала бастады. Ал топ басшысы деп жүрген Хасан Қасымбаев бәрін жоққа шығаруға тырысты. Артынан оның әкімдік пен прокуратурадағы туыстары жайында мәлімет шыға бастады. Ақыры Қасымбаев ұсталды.Оған дейін белгісіз біреулер марқұм Шерзат Полаттың үйін өртеп жіберді. Ал желтоқсанның басында Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев өлі күйде табылды. Жерлеу рәсімі кезінде Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамалды. Оның екі қарындасы да әкімшілік жауапқа тартылды.
https://sputnik.kz/20241012/talgardagy-tobeles-bas-prokuratura-zhedel-tergeu-tobyn-qurdy-47785936.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0c/47798933_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_06180e308c754b0594abbbeb11f9d3a6.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, тергеу
Шерзат Полаттың өлімі: тергеу аяқталды
09:03 27.02.2025 (жаңартылды: 09:06 27.02.2025) Қылмыстық іс 62 томнан тұрады
АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні болған кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қылмысты тергеу аяқталды, деп хабарлады
Алматы облысының полиция департаменті.
Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысты, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды.
Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізілді, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктінің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылды.
"Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар", - деп жазылған хабарламада.
Полиция әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді, тергеудің барлық кезеңдерінде заңдылық, ашықтық және объективтілік қамтамасыз етілді деп сендірді.
Тергеудің барысы және процесс қатысушыларының конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының бақылауында болғаны айтылды.
Еске салайық, 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімі халықты дүр сілкіндірді. 4 қазанда бірнеше адам жасөспірімді аямай ұрып, бірнеше рет пышақ тыққан. Шерзат аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Осыдан кейін Талғардағы "Хуторские" қылмыстық тобы туралы ақпарат тарала бастады. Ал топ басшысы деп жүрген Хасан Қасымбаев бәрін жоққа шығаруға тырысты. Артынан оның әкімдік пен прокуратурадағы туыстары жайында мәлімет шыға бастады. Ақыры Қасымбаев ұсталды.
Оған дейін белгісіз біреулер марқұм Шерзат Полаттың
үйін өртеп жіберді. Ал желтоқсанның басында Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев өлі күйде табылды. Жерлеу рәсімі кезінде Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамалды. Оның екі қарындасы да әкімшілік жауапқа тартылды.