https://sputnik.kz/20241012/zhanzhal-kezinde-koz-zhumgan-sherzattyn-uyi-ortendi-almaty-oblysynyn-akimdigi-malimede-zhasady-47786744.html
Жанжал кезінде көз жұмған Шерзат Полаттың үйі өртенді: әкімдік мәлімдеме жасады
Жанжал кезінде көз жұмған Шерзат Полаттың үйі өртенді: әкімдік мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Алматы облысының әкімідігі жанжал кезінде көз жұмған Шерзат Полаттың үйін қалпына келтіруге көмектесетінін мәлімдеді, деп... 12.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-12T12:25+0500
2024-10-12T12:25+0500
2024-10-12T16:09+0500
алматы облысы
өрт
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0c/47785666_0:0:801:450_1920x0_80_0_0_07be235c0b6bc07a10cd65cd10917db9.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Алматы облысының әкімідігі жанжал кезінде көз жұмған Шерзат Полаттың үйін қалпына келтіруге көмектесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бүгін түнде белгісіз біреулер марқұм Шерзат Полаттың үйін өрттеп жіберді. Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады. Ал облыс әкімдігі жөндеу жұмыстарын жасауға көмектесетінін хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, Шерзат Полаттың жаназасынан кейін туыстары уақытша Талғар ауданына кетіп қалған. Өрт кезінде үйде ешкім болған жоқ. Отбасы мүшелеріне күзет берілді.Айта кетері, 4 қазанда Талғарда 16 жастағы жасөспірімді өлтіріп кетті. Шерзат Полат дүкенде әкесіне көмектесіп жүргенде сатып алушының біреуі сыра үшін ақша төлеуден бас тартқан. Содан жанжал шығып, екі жақ сөзге келіспей қалды. Оқиға орнына бір топ адам келіп, жасөспірімді ғана емес, оның әкесі мен ағасын соққыға жықты. Шерзат Полат пышақ жарақатынан қайтыс болды.
https://sputnik.kz/20241012/talgardagy-tobeles-bas-prokuratura-zhedel-tergeu-tobyn-qurdy-47785936.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0c/47785666_100:0:700:450_1920x0_80_0_0_4bad9edbd8aba60f93ec1367230857b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, өрт
Жанжал кезінде көз жұмған Шерзат Полаттың үйі өртенді: әкімдік мәлімдеме жасады
12:25 12.10.2024 (жаңартылды: 16:09 12.10.2024) АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Алматы облысының әкімідігі жанжал кезінде көз жұмған Шерзат Полаттың үйін қалпына келтіруге көмектесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бүгін түнде белгісіз біреулер марқұм Шерзат Полаттың үйін өрттеп жіберді. Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады. Ал облыс әкімдігі жөндеу жұмыстарын жасауға көмектесетінін хабарлады.
"Алматы облысының әкімдігі өрт шалған үйді қалпына келтіруге көмектесетін болды. Сонымен қатар, оларға жөндеу жұмыстары аяқталғанша уақытша баспана беріледі", - дейді әкімдік мамандары.
Ресми мәліметке сәйкес, Шерзат Полаттың жаназасынан кейін туыстары уақытша Талғар ауданына кетіп қалған. Өрт кезінде үйде ешкім болған жоқ. Отбасы мүшелеріне күзет берілді.
Айта кетері, 4 қазанда Талғарда 16 жастағы жасөспірімді өлтіріп кетті. Шерзат Полат дүкенде әкесіне көмектесіп жүргенде сатып алушының біреуі сыра үшін ақша төлеуден бас тартқан. Содан жанжал шығып, екі жақ сөзге келіспей қалды. Оқиға орнына бір топ адам келіп, жасөспірімді ғана емес, оның әкесі мен ағасын соққыға жықты. Шерзат Полат пышақ жарақатынан қайтыс болды.