https://sputnik.kz/20241012/talgardagy-tobeles-bas-prokuratura-zhedel-tergeu-tobyn-qurdy-47785936.html
Бас прокуратура Талғардағы оқиғаға қатысты жедел тергеу тобын құрды
Бас прокуратура Талғардағы оқиғаға қатысты жедел тергеу тобын құрды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Алматы облысында Талғардағы жанжал кезінде қайтыс болған 16 жасар Шерзат Полаттың үй өртенді. 12.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-12T10:37+0500
2024-10-12T10:37+0500
2024-10-12T16:11+0500
бас прокуратура
талғар
https://sputnik.kz/img/16/35/163571_0:61:1313:800_1920x0_80_0_0_dc124e9091071c073d0e9146bd5f4285.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Алматы облысында Талғардағы жанжал кезінде қайтыс болған 16 жасар Шерзат Полаттың үй өртенді.ТЖД мәліметіне сәйкес, 12 қазан күні сағат 00:50-де үйді жалын шарпыған. Өрт 01:38 оқшауланып, сағат 01:43-де толығымен жойылған.Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Алматы облысының Полиция департаменті Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта куәгерлерден жауап алынып, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр.Сондай-ақ полиция мәліметіне сәйкес, марқұм Шерзат Полаттың отбасы полиция қызметкерлерінің қорғауына алынған.Бас прокуратура жедел-тергеу тобын құрды.Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Бас прокурордың бақылауына алынды.Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болған еді.
талғар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/16/35/163571_123:0:1190:800_1920x0_80_0_0_4f50c07f8a3d4e6fa8f6d44607eeca2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, талғар
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Алматы облысында Талғардағы жанжал кезінде қайтыс болған 16 жасар Шерзат Полаттың үй өртенді.
ТЖД мәліметіне сәйкес, 12 қазан күні сағат 00:50-де үйді жалын шарпыған. Өрт 01:38 оқшауланып, сағат 01:43-де толығымен жойылған.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Алматы облысының Полиция департаменті Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта куәгерлерден жауап алынып, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр.
Сондай-ақ полиция мәліметіне сәйкес, марқұм Шерзат Полаттың отбасы полиция қызметкерлерінің қорғауына алынған.
Бас прокуратура жедел-тергеу тобын құрды.
"Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды", - делінген хабарламада.
Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Бас прокурордың бақылауына алынды.
Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болған еді.