Ұлытаудағы кеншілер қазасы: "Қазақмыс" тау жынысының опырылғанын жоққа шығарды

© Photo : Пресс-служба ТОО "Корпорация "Казахмыс"Ұлытау облысындағы кеніш
Ұлытау облысындағы кеніш - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2025
Жазылу
Қазіргі кезде төтенше жағдайға табиғи газдың жарылуы себеп болды деген болжам бар
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. "Қазақмыс" компаниясы жеті кеншінің өмірін қиған қайғылы оқиғаның себебіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бастапқыда қайғылы оқиғаға тау жынысының опырылуы себеп болды деген болжам жасалды. Алайда апаттық-құтқару бригадалары бұл болжамды жоққа шығарды.
"Апаттан құтқару тобы опырылудың болмағанын анықтады. Кеніштегі жұмыс тергеу аяқталғанға дейін тоқтатылды", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде төтенше жағдайға табиғи газдың жарылуы себеп болды деген болжам бар.
"Компания үкіметтік комиссиямен және тергеу органдарымен қоян-қолтық жұмыс істеуде және қолданыстағы қауіпсіздік стандарттарына түзету енгізуді жоспарлап отыр",- дейді мамандар.
Айта кетері, 17 ақпанда "Қазақмыс" компаниясына қарасты "Жомарт" шахтасындағы қайғылы оқиға кезінде 7 кенші қайтыс болды.
Ұлытау облысындағы кеніш - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Ұлытау шахтасында қаза тапқан кеншілердің аты-жөні жарияланды
Жаңалықтар
0