Ұлытау шахтасында қаза тапқан кеншілердің аты-жөні жарияланды

© Photo : Пресс-служба ТОО "Корпорация "Казахмыс"Ұлытау облысындағы кеніш
Ұлытау облысындағы кеніш - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Жазылу
Кеніште қаза тапқандардың арасында 26 жастағы маман да бар
АСТАНА, 18 ақпан - Sputnik. Ұлытау облысында қазақ тапқан 7 кеншінің кім екені белгілі болды. Олардың кейбірі көпбалалы әкелер, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Жомарт" кенішінде тау жынысы опырылып түсуі салдарынан көз жұмған кеншілер:
1. Қайрат Ақшалов, 49 жаста. 3-разрядты машинист, төрт баланың әкесі. Балаларының үлкені 19, кішісі 4 жаста. Ұлытау ауданында тұрған.
2. Ардақ Жақұбаев , 26 жаста. Жерасты учаскесінің тау-кен шебері, 2 жастағы баласы бар. Сәтпаев қаласында тұрған.
3. Бақытбек Жұмадоллаев, 49 жаста. 3-разрядты жерасты тау-кен жұмысшысы, 4 жастағы баласы бар. Сәтпаев қаласында тұрған
4. Орынбек Кенжебеков, 33 жаста. Жүк тиеу-жеткізу машинасының машинисі. Екі баланың әкесі, кішісі 2 жаста. Жезқазған қаласында тұрған.
5. Ғалымжан Молдабеков, 46 жаста. Теспе бұрғылаушының көмекшісі, төрт баланың әкесі. Жезқазған қаласында тұрған.
6. Олжас Нұрулдаев, 45 жаста. Жерасты учаскесінің энергетигі. Бес баланың әкесі, ең кішісі үш жаста. Жезқазған қаласында тұрған.
7. Константин Рожков, 32 жаста. 3-разрядты жерасты тау-кен қазу жабдығының электр маманы, монтаждаушы. 1 баланың әкесі. Қарағанды қаласында тұрған.
Еске сала кетейік, 17 ақпанда Ұлытау облысындағы шахтада тау жынысы опырылып түсіп, жұмысшылар топырақ астында қалды.
Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Президент қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты.
ҰҚШҰ отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Тоқаев Ұлытау өңірінде қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтты
Жаңалықтар
0