https://sputnik.kz/20250218/kostenko-shakhtasyndagy-zharylys-106-tom-qylmystyq-is-sotqa-zholdandy-50946298.html
Костенко шахтасындағы жарылыс: 106 том қылмыстық іс сотқа жолданды
Костенко шахтасындағы жарылыс: 106 том қылмыстық іс сотқа жолданды
Sputnik Қазақстан
74 адам зардап шеккен деп танылды 18.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-18T09:58+0500
2025-02-18T09:58+0500
2025-02-18T09:58+0500
шахта
бас прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1e/39744627_2:0:900:505_1920x0_80_0_0_49e2cc839d069a56c9f2300352bf4cf6.jpg
АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Қарағанды облысының прокуратурасы Костенко атындағы шахта кеншілерінің өліміне қатысты қылмыстық істің 106 томын сотқа жіберді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.Сотқа дейінгі тергеуді Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ішкі істер министрлігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржылық мониторинг агенттігі және Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен жүргізді.Тергеу барысында жазатайым оқиғаға тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерінің жаппай бұзылуы себеп болғаны анықталды. Көмір өндіру алаңындағы жарылыс, шоғырлануы рұқсат етілген стандарттардан айтарлықтай асып кеткен көмір шаңының жарылыстарының тізбекті реакциясын тудырып, 46 кенші қаза тауып, 28 кенші жарақаттанды.Іс бойынша 74 адам жәбірленуші ретінде танылды.Материалдар негізі бойынша қарау үшін Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының аудандық сотына жіберілді.
https://sputnik.kz/20240117/kostenko-shakhtasyndagy-tragediya-9-lauazymdy-tulga-qamauga-alyndy--41622980.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1e/39744627_227:0:900:505_1920x0_80_0_0_fc1cf4e7fda2c2c24f63c1beb8f3946b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахта, бас прокуратура
Костенко шахтасындағы жарылыс: 106 том қылмыстық іс сотқа жолданды
74 адам зардап шеккен деп танылды
АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Қарағанды облысының прокуратурасы Костенко атындағы шахта кеншілерінің өліміне қатысты қылмыстық істің 106 томын сотқа жіберді, деп хабарлады
Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеуді Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ішкі істер министрлігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржылық мониторинг агенттігі және Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен жүргізді.
Тергеу барысында жазатайым оқиғаға тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерінің жаппай бұзылуы себеп болғаны анықталды. Көмір өндіру алаңындағы жарылыс, шоғырлануы рұқсат етілген стандарттардан айтарлықтай асып кеткен көмір шаңының жарылыстарының тізбекті реакциясын тудырып, 46 кенші қаза тауып, 28 кенші жарақаттанды.
"Шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлер қатарынан 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Барлығы қамауда. Оларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша ("тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу") айып тағылды, аталған бап бойынша 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Іс бойынша 74 адам жәбірленуші ретінде танылды.
Материалдар негізі бойынша қарау үшін Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының аудандық сотына жіберілді.