Қосылған құн салығы өседі: заң жобасы мәжіліс қарауына түсті

CC0 / / Бизнес-есептеулер
Бизнес-есептеулер - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2025
Жазылу
Қосылған құн салығының мөлшерлемесін 16%-ға дейін арттыру ұсынылып отыр
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Мәжіліс қарауына салық кодексінің жобасына енгізілген түзетулер пакеті түсті, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Өзгерістер салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған.
Негізгі түзетулер мынаны қамтиды:
Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету – 20 000 айлық есептік көрсеткіштен (78,6 млн теңге) 3 800 айлық есептік көрсеткішке (15 млн теңге) дейін;
Қосылған құн салығының мөлшерлемесін арттыру – 12%-дан 16%-ға дейін, бұған қоса бірқатар сала үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% белгіленеді;
Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу – тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қолжетімді болады.
Еске сала кетейік, үкімет отырысында қосылған құн салығына қатысты соңғы ұсыныстар қаралды. Оған сәйкес, кәсіпкерлер үшін қосылған құн салығының базалық мөлшерлемесі 16 процент деңгейінде бекітіледі. Одан кейін 10 проценттік салық болады. Оны денсаулық және тағы бірқатар салада енгізеді. Ауыл шаруашылығы өнім өндірушілері үшін ешқандай салық болмайды.
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2025
"Қателесуге болмайды": Тоқаев салық реформасын қолдады
Жаңалықтар
0